Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қазақстанның 241 азаматы Украина шекарасын кесіп өтті – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Шекарада тағы 99 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр, олардың жанында Қазақстанның Киевтегі елшілігінің дипломаттары бар
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Шекарада тағы 99 отандасымыз өз кезегін күтіп отыр, олардың жанында Қазақстанның Киевтегі елшілігінің дипломаттары бар.
Қазақстанның Польшадағы елшілігі азаматтарымызды шекарадан өткізу үшін дипломаттарды тәуліктік кезекшілікке қойды.
"Эйр Астана" эвакуациялық борты (174 орын) 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.50-де Атырау қаласынан ұшып шықты. Катовицы қаласына Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-де келеді.
28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағытымен кері ұшу жоспарланған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовицы қаласына Қазақстан азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер орындалады.
Жаңалықтар
0