https://sputnik.kz/20220226/resey-telearna-europa-khabar-taratu-odagy-23131061.html
Ресейлік телеарналар Еуропа хабар тарату одағынан шықты
Ресейлік телеарналар Еуропа хабар тарату одағынан шықты
Sputnik Қазақстан
Ресей "Евровидение" ән байқауынан шеттетілгеннен кейін осындай шешім қабылдады 26.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-26T20:59+0500
2022-02-26T20:59+0500
2022-03-01T14:39+0500
ресей
евровидение
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/old/864/61/8646192_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_09ce70b967dc8739c98767640cb0365c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. "Первый канал", ВГТРК және "Радио дом Останкино" Ресейдің "Евровидение-2022" ән байқауынан шеттетілуіне жауап ретінде Еуропа хабар тарату одағынан шығатынын хабарлады.Компаниялар шеттетуді "өзінің бейсаяси статусын әрқашан білдіріп келген музыкалық форумдағы орынсыз саяси құрбандық" деп сипаттады.Олар Ресейді шеттету Евровидениеге қатысты мұндай шешімдердің алғашқысы емес екенін атап өтті.Мәселен, 2016 жылы ашық саяси манифест болып саналатын "1944" әні (Украина әншісі Jamala – Қырым татарларының депортациясы туралы – Sputnik) жеңіске жетті.Сонымен бірге бірнеше жылдан кейін байқауды ұйымдастырушылар саясатты сылтауратып, Беларусьті (оппозициялық күштер Беларусьтегі наразылық қозғалысын сынады деп есептеген "Я научу тебя" әні үшін) сайыстан шығарды.Ресейдің пікірінше, бұл екі мысал байқауды ұйымдастырушылар "саясат" терминін әділетсіз әрі біржақты түсіндірген осы іспеттес жағдайлардың бір парасы ғана. Бұл ретте ұйымдастырушылар Еуропа хабар тарату одағы мүшелерінің жартысы оған кірмегенімен, Еуроодақтың қалауын орындап келген.Ресейлік компаниялар Еуропа хабар тарату одағы "қатысушыларға теңдік берілмейтін клубқа айналды" деп мәлімдеді. Олар бұдан былай бұл одақта қалу мүмкін емес деп есептейді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/864/61/8646192_346:0:3077:2048_1920x0_80_0_0_2387715c83e8b87c6982b56a5b7bf9c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, евровидение
Ресейлік телеарналар Еуропа хабар тарату одағынан шықты
20:59 26.02.2022 (жаңартылды: 14:39 01.03.2022) Ресей "Евровидение" ән байқауынан шеттетілгеннен кейін осындай шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. "Первый канал", ВГТРК және "Радио дом Останкино" Ресейдің "Евровидение-2022" ән байқауынан шеттетілуіне жауап ретінде Еуропа хабар тарату одағынан шығатынын хабарлады.
Компаниялар шеттетуді "өзінің бейсаяси статусын әрқашан білдіріп келген музыкалық форумдағы орынсыз саяси құрбандық" деп сипаттады.
Олар Ресейді шеттету Евровидениеге қатысты мұндай шешімдердің алғашқысы емес екенін атап өтті.
Мәселен, 2016 жылы ашық саяси манифест болып саналатын "1944" әні (Украина әншісі Jamala – Қырым татарларының депортациясы туралы – Sputnik) жеңіске жетті.
Сонымен бірге бірнеше жылдан кейін байқауды ұйымдастырушылар саясатты сылтауратып, Беларусьті (оппозициялық күштер Беларусьтегі наразылық қозғалысын сынады деп есептеген "Я научу тебя" әні үшін) сайыстан шығарды.
Ресейдің пікірінше, бұл екі мысал байқауды ұйымдастырушылар "саясат" терминін әділетсіз әрі біржақты түсіндірген осы іспеттес жағдайлардың бір парасы ғана. Бұл ретте ұйымдастырушылар Еуропа хабар тарату одағы мүшелерінің жартысы оған кірмегенімен, Еуроодақтың қалауын орындап келген.
Ресейлік компаниялар Еуропа хабар тарату одағы "қатысушыларға теңдік берілмейтін клубқа айналды" деп мәлімдеді. Олар бұдан былай бұл одақта қалу мүмкін емес деп есептейді.