https://sputnik.kz/20220303/rumyniyanyn-eki-birdey-askeri-tekhnikasy-apatqa-ushyrady-23299501.html
Румынияның екі бірдей әскери техникасы апатқа ұшырады
Румынияның екі бірдей әскери техникасы апатқа ұшырады
Sputnik Қазақстан
Украина шекарасына жақын жерде бір түннің ішінде Румыния қарулы күштерінің екі бірдей жауынгерлік техникасы апатқа ұшырады. Әскерилердің жұмбақ өлімі... 03.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-03T22:37+0500
2022-03-03T22:37+0500
2023-08-09T17:16+0500
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23054796_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6d8f7be35f8c7f59559b44d110849bb0.jpg
Украина шекарасына жақын жерде бір түннің ішінде Румыния қарулы күштерінің екі бірдей жауынгерлік техникасы апатқа ұшырады. Әскерилердің жұмбақ өлімі арандатушылыққа көбірек ұқсайтын сияқты. НАТО-ның оңтүстік-шығыс қанатында жағдайдың ушығып кетуі де мүмкін. Оған қоса, Румыния территориясында шетелдік әскердің қалың қолы шоғырланған. Қару-жарақ та аз емес, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Одесса облысының шекарасына жақын жерде Румыния қарулы күштері бір түнде МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағы мен IAR-330 Puma тікұшағынан айырылды. Тікұшақта болған жеті әскери қызметші қаза тапты. Апатқа ауа райы қолайсыздығы себеп болды деген болжам бар. Румыния авиациясы түнгі рейдтерге шығып, Украинадағы әскери іс-қимыл аймағына жақын жүрген көрінеді. НАТО екі әскери техникасының апатын Ресейге қарсы арандатушылық әрекет ретінде ұйымдастыруы мүмкін.МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағының аяқ астынан апатқа ұшырауы екіталай. Оған қоса, түнгі рейдтерге тек тәжірибелі ұшқыштарды ғана жіберіп отырады. Дыбыстан да жылдам ұшақ әлемде кеңінен танымал және сенімді әскери техника болып саналады. Кубада, Вьетнамда және Таяу Шығыста үздіктердің қатарында болды. Арсеналында сан алуан зымырандар, тіпті, АҚШ-та жасаған Mk82 LGB шабуылдаушы авиациялық бомбалары да бар. 19000 метрге дейін көтеріле алады. Маневр жасау қабілеті жоғары, жылдамдығы да қатты. Сағатына 2200 шақырымға дейін ұша алады.МиГ-21 Lancer модификациясы – израильдік модернизацияның сәтті нәтижесі. 1990 жылы шығарылды. Ал КСРО-да осы санатағы ұшақтар 1959 – 1985 жылдары құрастырылған. Оны көптеген елдің ұшқыштары мақтайды. Жалпы, КСРО, Чехословакия, Үндістан мен Қытайда МиГ-21 жойғыш ұшағының 14 мың данасы шығарылды. Осының өзі үздік әскери техника дәлел бола алады.Румынияның МиГ-21 Lancer 3 наурызда түнде Михаил Когэлничану әуе базасынан көтерілген. Ал 13 минуттан кейін радардан жоғалды. Ұшу жолағынан 20 шақырым шалғай жерде - Коджалак пен Гура-Доброджей елді мекендерінің арасында апатқа ұшырады деген мәлімет бар. Бірақ МиГ-21 жойғыш ұшағы 12 минуттың ішінде 200 шақырымды артқа тастай алады. Ал IAR-330 Puma құтқарушы тікұшақ аэродромнан 11 шақырым шалғай жерде құлады. Бірақ МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағының құлаған жері және ұшқыш әлі табылған жоқ.Осылайша, екі бірдей әскери техника бір түннің ішінде апатқа ұшырап отыр. IAR-330 Puma тікұшағы да соққы жасай алады. 20 миллиметрлік турельді зеңбірек, 7,62 миллиметрлік екі оқшашар, екі танкіге қарсы Х-5 зымыран қондырғысы және төрт 57/70 миллиметрлік зымыран қондырғысы бар. Озық радиоэлектронды күрес жүйелерімен де жабдықталған. 6000 метрге көтеріліп, 276 км/сағат жылдамдықпен ұша алады. Төрт сағат бойы жерге түспей жүруге мүмкіндігі бар. Румынияның қарулы күштерінде ондай 100 тікұшақ бар. Оған 16 әскери сыяды.Қазіргі кезде Румынияның әскери базаларында шетелдік әскер де аз емес. Ядролық қаруды таси алатын америкалық ұшақтар да бар. Ал Одессада украин күш құрылымдары жүк тасымалдаушылардың көлігін тартып алып жатыр деген ақпарат бар. Соны Румыниядан қару-жарақты тасу үшін пайдалануы әбден мүмкін.Румыния мен Одесса облысы арасындағы шекараның ұзындығы, шамамен, 200 шақырымды құрайды. Сосын "Рени – Измаил – Килия" учаскесінде жол торабы жақсы дамыған. Сол арқылы Румыниядан Одесса облысына, одан ары қарай Украинаның батысына көлік дәлізі ашылады.2 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский "Айдар" ұлттық батальонының бұрынғы командирі Максим Марченконы Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Облыстың жағалауы теңіз жақтан жабық. Ол жерде Ресей кемелері мен авиациясын байқауға болады. "Адмирал Григорович" зымыран фрегаты да жүр. Сол жақтан десантшылар операциясы басталуы ықтимал. Ал Румыния кедергі жасауға тырысса, Ресейдің әскери-теңіз флоты мен әскери-зымыран күштерінің соққысы қатты болады. Оны Путин де ескерткен.
https://sputnik.kz/20220224/aqtau-tekhnika-turgyndar-urey-23068085.html
https://sputnik.kz/20220304/resey-ukraina-beybit-khalyq-23281631.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23054796_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_cb5b59e3129240595ae6b28e75abbb7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қару-жарақ
Украина шекарасына жақын жерде бір түннің ішінде Румыния қарулы күштерінің екі бірдей жауынгерлік техникасы апатқа ұшырады. Әскерилердің жұмбақ өлімі арандатушылыққа көбірек ұқсайтын сияқты. НАТО-ның оңтүстік-шығыс қанатында жағдайдың ушығып кетуі де мүмкін. Оған қоса, Румыния территориясында шетелдік әскердің қалың қолы шоғырланған. Қару-жарақ та аз емес, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Одесса облысының шекарасына жақын жерде Румыния қарулы күштері бір түнде МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағы мен IAR-330 Puma тікұшағынан айырылды. Тікұшақта болған жеті әскери қызметші қаза тапты. Апатқа ауа райы қолайсыздығы себеп болды деген болжам бар. Румыния авиациясы түнгі рейдтерге шығып, Украинадағы әскери іс-қимыл аймағына жақын жүрген көрінеді. НАТО екі әскери техникасының апатын Ресейге қарсы арандатушылық әрекет ретінде ұйымдастыруы мүмкін.
МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағының аяқ астынан апатқа ұшырауы екіталай. Оған қоса, түнгі рейдтерге тек тәжірибелі ұшқыштарды ғана жіберіп отырады. Дыбыстан да жылдам ұшақ әлемде кеңінен танымал және сенімді әскери техника болып саналады. Кубада, Вьетнамда және Таяу Шығыста үздіктердің қатарында болды. Арсеналында сан алуан зымырандар, тіпті, АҚШ-та жасаған Mk82 LGB шабуылдаушы авиациялық бомбалары да бар. 19000 метрге дейін көтеріле алады. Маневр жасау қабілеті жоғары, жылдамдығы да қатты. Сағатына 2200 шақырымға дейін ұша алады.
МиГ-21 Lancer модификациясы – израильдік модернизацияның сәтті нәтижесі. 1990 жылы шығарылды. Ал КСРО-да осы санатағы ұшақтар 1959 – 1985 жылдары құрастырылған. Оны көптеген елдің ұшқыштары мақтайды. Жалпы, КСРО, Чехословакия, Үндістан мен Қытайда МиГ-21 жойғыш ұшағының 14 мың данасы шығарылды. Осының өзі үздік әскери техника дәлел бола алады.
Румынияның МиГ-21 Lancer 3 наурызда түнде Михаил Когэлничану әуе базасынан көтерілген. Ал 13 минуттан кейін радардан жоғалды. Ұшу жолағынан 20 шақырым шалғай жерде - Коджалак пен Гура-Доброджей елді мекендерінің арасында апатқа ұшырады деген мәлімет бар. Бірақ МиГ-21 жойғыш ұшағы 12 минуттың ішінде 200 шақырымды артқа тастай алады. Ал IAR-330 Puma құтқарушы тікұшақ аэродромнан 11 шақырым шалғай жерде құлады. Бірақ МиГ-21 Lancer жойғыш ұшағының құлаған жері және ұшқыш әлі табылған жоқ.
Осылайша, екі бірдей әскери техника бір түннің ішінде апатқа ұшырап отыр. IAR-330 Puma тікұшағы да соққы жасай алады. 20 миллиметрлік турельді зеңбірек, 7,62 миллиметрлік екі оқшашар, екі танкіге қарсы Х-5 зымыран қондырғысы және төрт 57/70 миллиметрлік зымыран қондырғысы бар. Озық радиоэлектронды күрес жүйелерімен де жабдықталған. 6000 метрге көтеріліп, 276 км/сағат жылдамдықпен ұша алады. Төрт сағат бойы жерге түспей жүруге мүмкіндігі бар. Румынияның қарулы күштерінде ондай 100 тікұшақ бар. Оған 16 әскери сыяды.
Қазіргі кезде Румынияның әскери базаларында шетелдік әскер де аз емес. Ядролық қаруды таси алатын америкалық ұшақтар да бар. Ал Одессада украин күш құрылымдары жүк тасымалдаушылардың көлігін тартып алып жатыр деген ақпарат бар. Соны Румыниядан қару-жарақты тасу үшін пайдалануы әбден мүмкін.
Румыния мен Одесса облысы арасындағы шекараның ұзындығы, шамамен, 200 шақырымды құрайды. Сосын "Рени – Измаил – Килия" учаскесінде жол торабы жақсы дамыған. Сол арқылы Румыниядан Одесса облысына, одан ары қарай Украинаның батысына көлік дәлізі ашылады.
2 наурызда Украина президенті Владимир Зеленский "Айдар" ұлттық батальонының бұрынғы командирі Максим Марченконы Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындады. Облыстың жағалауы теңіз жақтан жабық. Ол жерде Ресей кемелері мен авиациясын байқауға болады. "Адмирал Григорович" зымыран фрегаты да жүр. Сол жақтан десантшылар операциясы басталуы ықтимал. Ал Румыния кедергі жасауға тырысса, Ресейдің әскери-теңіз флоты мен әскери-зымыран күштерінің соққысы қатты болады. Оны Путин де ескерткен.