Өңірлер

Ақтауда арнайы техника мен "танк" тұрғындардың үрейін ұшырды

© Photo : Instagram / podslushano_aktauАқтау тұрғындары арнайы техниканы түсіріп алған
Ақтау тұрғындары арнайы техниканы түсіріп алған - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Қала билігі жоспарлы оқу-жаттығу мен салынып жатқан мектеп туралы айтып, халықты сабырға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ақтау тұрғындары "Ақтау" сауда ойын-сауық кешені жанындағы арнайы техниканы видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды өңірлік "Лада" порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл жерде өртке қарсы жоспары оқу-жаттығу өткен.
Іс-шара аясында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері кешенге баратын жолды жапқан.
Сондай-ақ Ақтауда сыртқы түрі танкке ұқсайтын көлік видеоға түсіп қалған. Бұл кадр сәрсенбі, 23 ақпанда, 17-шағын аудандағы Family House тұрғын үй кешенінің жанында түсірілген.
Қалалық әкімдік бұл БГМ-21 бұрғылауға арналған геологиялық-барлау машинасы екенін айтты.
"Жобалаушы "Инженерный центр Астана" ЖШС мен мердігер "Каспиан ГеоСервис" қазір геологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Бұл аумақта 1,2 мың оқушыға арналған мектеп салынатынын хабарлады.
Жаңалықтар
0