Ресейдің "Z" операциясының ерекшелігі қандай

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуСитуация на границе Крыма с Украиной
Ситуация на границе Крыма с Украиной - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Жазылу
Украинадағы арнайы әскери операция жалғасып жатыр. Мәскеу Еуропалық одақ, АҚШ пен НАТО-ның реакциясына қарамастап, әскери операцияны аяғына дейін жеткізуге мүдделі. Бәлкім, Киевте емес, Львовта және поляк шекарасында тоқтайды, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Оның айтуынша, Ресей операциясының технологиялық ерекшеліктері көп. Бүгінде дәлдігі жоғары зымырандар қолданылады. Әскердің әртүрлі топтары бар. Брондалған техника жылдам жеткізіледі. Шабуылдаушы, бомбалаушы және жойғыш авиация бар. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мен радиоэлектронды күрес жүйелері де іске қосылды.
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, алты күннің ішінде Украинадағы әскери инфрақұрылымның 1 502 нысаны жойылды. Атап айтқанда, 50 байланыс пен басқару бекеті, жерде тұрған 47 ұшақ мен әуеде болған 11 ұшақ, 465 ұшқышсыз ұшу аппараты, 38 зениттік зымыран кешені, 51 радиолокациялық станция, 472 танк пен бронды техника, 62 дүркіндетіп атудың реактивті жүйесі, 206 артиллерилық қару мен мино атқыштар, 3036 арнайы әскери автомобиль техника істен шығарылды.
Украинада болған 175 қазақстандық елге оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Қоғам
Украина-Польша шекарасынан 361 қазақстандық өтті
Ал Пентагон мен НАТО-ның әскери іс-қимылдарын еске алсақ, Ирак, Ливия мен Ауғанстандағы операциялары өте баяу атқарылды. Мәселен, 2003 жылы америкалық рейнджерлер Бағдадқа дейін екі аптаның ішінде жетті. Одан кейін зымырандармен қала инфрақұрылымын жермен-жексен етті. Электр станциялары, су құбырлары, канализация мен күл-қоқыс тасушылар – бәрі-бәрі нысанаға алынды. Сол кезде 1 миллион адам қаза тапты. Ақырында АҚШ пен НАТО әскері Ирактан абыройсыз оралды.
Пентагон ресейлік әскердің радиоэлектронды күрес құралдарын тиімді қолданып жатқанын атап өтті. Онымен Украинада ғана емес, Қара теңіз аймағында GPS сигналдарын өшіріп отырады. Бұған дейін олай ешкім істемеген. АҚШ әскери-теңіз күштерінің 6-шы флотына да жақын жүрмеген. Ал Сириядағы Хмеймим әуе базасында ресейлік МиГ-31К мен Ту-22М3 ұшақтары бар. НАТО Украинаның қарулы күштеріне алыстан "Томагавк"-пен (BGM-109 Tomahawk ұшу қашықтығы – 2500 км) қолдау жасаса, зымыран крейсерлері бірден тосқауыл жасайды.
АҚШ теңіз әскері корпусының барлаушы ардагері әрі БҰҰ қару-жарақ жөніндегі бұрынғы инспекторы Скотт Риттер Украинадағы жағдайға өзінңі кәсіби бағасын берді. Оның ойынша, бүгінде НАТО әлсіз, ештеңе істей алмайды.
"Біздің трансатлантикалық альянсымыз көшедегі ең мықты банда сияқты әлем бойынша алшаң басып жүрген. Енді, масқарамыз шықты", - деп атап көрсетті барлаушы ардагер.
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Саясат
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді
Military Watch басылымның сарапшылары Украинаның үлкен мемлекет және Еуропада әскер саны жағынан үшінші орында тұрғанын жазды. 200 мың әскери қызметші, 900 мың резервист, 100 мың әскери құрамы, соның ішінде баллистикалық зымыран мен авиация, сондай-ақ, 850 танкісі бар екен. Алайда ресейлік әскер 72 сағаттың ішінде біраз жерді өтті.
Ал әскери операцияны үдету үшін резервте бронды танк бөлімшелері, зымыран мен артиллериялық топтар тұр. Military Watch Ресей армиясының жаңа күштері Украинаның батыс аймақтарына кіреді деген болжам жасады. Бәлкім, солай шығар.
АҚШ президенті Джозеф Байден және НАТО елдерінің ресми өкілдері 24 ақпаннан кейін күн сайын өз әскерінің Ресей армиясына қарсы шықпайтынын айтып келеді. "Серіктестер" әскери және технологиялық тұрғыда басымдыққа ие бола алмайынын түсініп отырған сияқты. Ресейдің ядролық қару саласындағы жетістіктерін де ескеретін тәрізді. Дегенмен, Мәскеу батыстан қару-жарақ жеткізілген жағдайда альянс күштерімен ашық қақтығыс қауіп туындайды деп санайды.
Қазіргі кезде Польша жерінен түнде Украинаға одақтас елдердің әскери техникасын жіберуге дайындық шаралары басталды. Ал поляк ұшқыштары үнемі барлауға шығып тұрады. Львов облысында "үлкен отшашу" болуы мүмкін.
АҚШ сенатының қарулы күштер жөніндегі комитетінде сарапшылар Хизер Конли мен Роджер Закхейм Қытай - "негізгі қауіп", ал Ресей "бүгінде, сөзсіз, ең қауіпті ел" екенін мәлімдеді. Ал федералдық резерв жүйесінің басшысы Украинадағы қақтығыстың АҚШ экономикасына салдары "өте белгісіз дәрежеде" болатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2022
Саясат
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0