https://sputnik.kz/20220301/toqaev-resey-ukraina-kelisim-23191177.html
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді
Sputnik Қазақстан
Президент қажет болса, делдалдық қызметін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді 01.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-01T11:17+0500
2022-03-01T11:17+0500
2022-03-01T11:17+0500
саясат
украина
ресей
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001916_0:0:3387:1905_1920x0_80_0_0_0224f3ace4b8f12d3f152bc1667d6197.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресейді келісімге келуге үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Тоқаев Қазақстанның позициясы мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысына негізделетінін атап өтті."2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанамыз. Мен бұл туралы 10 ақпан күні Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", -деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.Мемлекет басшысы геосаяси ахуал ушығып кеткенін айтты.Ол Қазақстан өз тарапынан жәрдемдесуге, егер қажет болса, делдалдық қызметін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар жұмыс жиындарын өткізгенін атап өтті. Айтуынша, үкімет алдына санкциялардың күшеюін ескеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/16/23001916_322:0:3053:2048_1920x0_80_0_0_d21ed0604d4879195f47bfbf7911f3c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей, қасым-жомарт тоқаев
украина, ресей, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ресей мен Украинаны келісімге келуге үндеді
Президент қажет болса, делдалдық қызметін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина мен Ресейді келісімге келуге үндеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Қазақстанның позициясы мемлекетіміздің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысына негізделетінін атап өтті.
"2010 жылы ЕҚЫҰ саммитін қабылдаған ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанамыз. Мен бұл туралы 10 ақпан күні Мәскеуге жасаған сапарымда айттым. Бөлінбеушілік принципі мен қауіпсіздіктің тұтастығы өзара сенім негізіндегі өзара түсіністікті білдіреді. Өкінішке қарай бұл болған жоқ. Минск келісімі қағаз жүзінде қалды. Ал бұл Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкеп соқты", -деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде.
Мемлекет басшысы геосаяси ахуал ушығып кеткенін айтты.
"Өкінішке қарай, қазір бұл тенденцияның тоқтайтын түрі жоқ. Сондықтан біз қос мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табысуға, келісімге келуге шақырамыз. Басқа жол жоқ. Бейбітшілік болмаса, даму жоқ", - деді мемлекет басшысы.
Ол Қазақстан өз тарапынан жәрдемдесуге, егер қажет болса, делдалдық қызметін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар жұмыс жиындарын өткізгенін атап өтті. Айтуынша, үкімет алдына санкциялардың күшеюін ескеріп, елдің әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойылған.