Әлем

Украинадағы қазақстандықтар шекара бекеті арқылы Молдоваға бара алады – елшілік

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуШекара мұнарасы, архивтегі сурет
Шекара мұнарасы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Жазылу
Елшілік қазақстандықтарға Украина аумағынан шығудың тағы бір жолын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Отандастарды Украинадан эвакуациялаумен айналысып жатқан Қазақстан елшілігі елден шығудың тағы бір жолын айтты.
Украинада қалып қойған қазақстандықтар Украина-Молдова шекарасындағы шекара бекеті арқылы елден шыға алады. Бірақ олар шекараға өз бетінше жетуге тиіс.
"Украинаның Одесса облысында жүрген Қазақстан азаматтары Молдова Республикасы арқылы (Сатро-Казачья, Паланка, Тудора және Серпневое-1 шекара бекеттері) елден шыға алады. Украина мен Молдова шекарасына дейін өз күшімен жетудің оңтайлы бағытын анықтап алуға кеңес береміз", - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан азаматтары Украинадан Львов қаласы арқылы эвакуацияланады. Одан кейін отандастар жер үсті көлігімен Польшаға жеткізіліп, сол жақтан Air Astana эвакуациялық рейстер ұйымдастырады. Еске салсақ, Украинаның әуе кеңістігі азаматтық ұшақтар үшін жабылды.
25 ақпан таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанға қайтуға 486 азамат өтініш берген. Барлық адамды Қазақстанға жеткізу үшін кемінде үш рейс қажет, деген еді Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев.
СІМ мәліметінше, Украинада барлығы 1 113 қазақстандық тұрақты консулдық есепте тұр.
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Путинді келіссөз жүргізуге шақырды
Айта кетері, Украинаның әртүрлі өңірінде тұратын көптеген қазақстандық әлеуметтік желілерде Львов қаласына жете алмай жатқанын айтып шағымданды. Өйткені елдегі әскери жағдайға байланысты өңірлер арасындағы жолдар жабылған.
Қазақстанның Молдовадағы елшілігі +373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722.
Қазақстанның Молдовадағы құрметті консулы Роман Станков +37378822222.
Қазақстанның Львовтағы құрметті консулдығы: Замкнен көшесі, 3/1, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.
Қосымша ақпарат үшін мына нөмірлер бойынша Air Astana өкілдеріне хабарласу қажет: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де қауырт желі ашты: +7 (7172) 72-06-06.
Жаңалықтар
0