https://sputnik.kz/20220225/zelenskiy-putindi-kelissoz-zhurgizuge-shaqyrdy-23110543.html
Зеленский Путинді келіссөз жүргізуге шақырды
Зеленский Путинді келіссөз жүргізуге шақырды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді Донбастағы жағдай бойынша келіссөз жүргізуге шақырды. 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T16:47+0500
2022-02-25T16:47+0500
2022-03-01T14:41+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23110213_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_aa9eef529aa9ef775a1cbd70329b20ae.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді Донбастағы жағдай бойынша келіссөз жүргізуге шақырды."Ресей Федерациясының президентіне тағы да үндеу жасаймын. Украинаның барлық аумағында ұрыс жүріп жатыр, адам өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", - деді Зеленский видеоүндеуінде.Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де де "Мәскеумен кез келген мәселені талқылаудан қашпайтынын" жазған болатын.Естеріңізге сала кетейік, Украина 90-жылдардың бірінші жартысында КСРО құлағаннан кейін НАТО-ға кіруге бағыт алды.Ресей бірнеше рет НАТО-ның ілгері жылжуы шығысқа және өзіне қауіп төндіреді деп бағалаған.Ресей 24 ақпан күні таңертең Донбаста әскери операция бастады.Кеше, 24 ақпанда Қазақстан сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға түсініктеме бере отырып, жағдайдың шиеленіскеніне қарамастан, оны бейбіт жолмен – келіссөздер арқылы шешу қажеттігін атап өтті.Украинадағы жағдайды келіссөз арқылы реттеу қажет екенін Қытай төрағасы Си Цзиньпин де айтты.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23110213_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_a2bc60271147b6919ed6095df732e743.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді Донбастағы жағдай бойынша келіссөз жүргізуге шақырды.
"Ресей Федерациясының президентіне тағы да үндеу жасаймын. Украинаның барлық аумағында ұрыс жүріп жатыр, адам өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", - деді Зеленский видеоүндеуінде.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де де "Мәскеумен кез келген мәселені талқылаудан қашпайтынын" жазған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Украина 90-жылдардың бірінші жартысында КСРО құлағаннан кейін НАТО-ға кіруге бағыт алды.
Ресей бірнеше рет НАТО-ның ілгері жылжуы шығысқа және өзіне қауіп төндіреді деп бағалаған.
Ресей 24 ақпан күні таңертең Донбаста әскери операция бастады.
Кеше, 24 ақпанда Қазақстан сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Украинадағы жағдайға түсініктеме бере отырып, жағдайдың шиеленіскеніне қарамастан, оны бейбіт жолмен – келіссөздер арқылы шешу қажеттігін атап өтті.
Украинадағы жағдайды келіссөз арқылы реттеу қажет екенін Қытай төрағасы Си Цзиньпин де айтты.