Әлем

Ресей мен Беларусь "Одақтас батылдық – 2022" маневрінің мерзімін созды

© Sputnik / Максим Захаров / Медиабанкке өтуЛХР, әскери
ЛХР, әскери - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Әскери шолушы болып жатқан жағдайға қатысты пікірін бөлісті
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Донбасс республикаларының тәуелсіздігін мойындау арқылы Ресей НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне жол бермей, дипломатиялық бастамалармен қатар, әскери-техникалық құралдардың көмегімен Еуропа мен әлемде тең әрі бөлінбейтін қауіпсіздікті қалыптастыруды бастады, деп жазды әскери шолушы Александр Хроленко.
18 қаңтарда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөзден кейін РФ президенті Владимир Путин Ресей ұлттық мүддеге сүйенетінін және өз қалауынша әрекет ететінін мәлімдеді. Үш күннен кейін РФ Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті де, Путин Донецк және Луганск халық республикаларын мойындау туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл күрделі шешім АҚШ пен НАТО-ның Еуропадағы Ресейдің қауіпсіздік мүдделерін елемеуі, Киев режимінің Минск келісімдерін орындамауы салдарынан және жүз мыңдаған Ресей азаматын қоса алғанда, Донбастың миллиондаған бейбіт тұрғынын қорғау мақсатында қаблданған, дейді шолушы.
Владимир Путин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Әлем
Ресей көрші елдердің егемендігін қолдайды, алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше — Путин
Украина қарулы күштерінің артиллериялық снарядтары Ростов облысының аумағында жарыла бастады. Біраз бұрын Мәскеу Киев режимінің орыс халқына қатысты әрекетін геноцид актісі деп танитытын ресми түсрде мәлімдеді және сәйкес құжатпен растады.
"Киевтің саясаты антиресейлік және ұлтшылдық сипатта екенін көріп отырмыз. НАТО-ның кеңеюі Шығыс Еуропа елдеріндегі шетелдік әскери контингтенттің болуы апатқа алып келеді. Мәскеу Донцек халық республикасы мен Луганск халық республикасын Киевтен азат, тәуелсіз мемлекет деп санайды", - деп жазды әскери шолушы.
22 ақпанда РФ Мемлекеттік думасы, сондай-ақ Донецк және Луганск халық республикаларының парламенттері татулық және өзара көмек туралы шарттарды ратификациялады. Екіжақты келісімдер негізінде Донбастың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қазір Ресейдің Қарулы күштері қамтамасыз етіп отыр. Қол қойылған құжаттар Донецк және Луганск халық республикаларының аумағында ресейлік әскери базаларды орналастыруға мүмкіндік береді.
Осы аталған қос мемлекетті Ресейдің мойындауын Батыс қолдап отырған жоқ. Сондықтан АҚШ пен ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді.
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Әлем
Биыл Ресей мен Беларусь 20 бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізеді
Хроленконың айтуынша, Солтүстікатлантикалық альянс "халықаралық деңгейде мойындалған шекарасы шегінде Украинаның аймақтық бүтіндігі мен тәуелсіздігін" қолдады. Батыстағы серіктестер Киев режиміне қару-жарақ жеткізуді жалғастыратынын айтты. Бірақ бұл Ресей мен Еуропа тарихында айтулы өзгеріске алып келуі екіталай.
Азов теңізінде Ресей әскери-теңіз флотының қуатты күштеріне қарасты ондаған зымыран мен десант кемесінің орналастырылуы кездейсоқ емес. Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі және Ресейдің Қара теңіз флоты екіжақты келісімшартқа сәйкес тәуелсіз республикалардың шекарасын күзетуге көмектеседі. Бұл әскерилердің іс-қимылы біраз бұрын Оңтүстік Кавказда пысықталған болатын.
Украина президенті Владимир Зеленский өткен түнде өз халқының алдында "Біз ешкімге ештеңе бермейміз" деп мәлімдеді. Ал Вашингтон "Ресей мен Украинаның арасында соғыс туындауын" одан бетер арандатып отыр. Егер Украина қарулы күштері Донбастан (Донецк және Луганск халық республикаларының аумағынан) кетпесе, артиллериялық және броньді техниканы, танкке қарсы Javelin мен NLAW кешендерін белсенді қолдануды бастаса, "Антироссия" жобасының жаңа шекарасы батысқа қарай, яғни Днепрге дейін кеңеюі мүмкін. Бүгінгі ахуалға қарағанда, бұл орындалуы ықтимал болжам.
Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты біржақты тәртіпте бұзуды қарастырып жатыр. Алайда Донбастағы "партизан қозғалысы" туралы тараған әңгіме тым асыра айтылған. Bloomberg агенттігі өңірдегі еріктілер саны 60 мыңға жеткенін жазды.
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Саясат
Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ресей Қазақстанды құтқарды дейтіндерге жауап берді
Полшадағы ірі басылым Rzeczpospolita Украина шекарасының жанындағы ресейлік әскер тобы 2-3 күнде-ақ Украина қарулы күштерін талқандай алатынын және "ресейлік армияның елге кіруін миллиондаған украин қолдап отырғанын" жазды.
Дегенмен, АҚШ пен НАТО тарапынан Ресей мен оның одақтастары үшін қауіпсіздік кепілдіктерінің проблемасы әлі шешімін таппай отыр. Іргелес жатқан елдердің аумағында әскер мен күштердің көп тобы құрылып, альянстың жедел әрекет ету топтары жоғары дайындықта тұр.
Сондықтан Мәскеу мен Минск Беларусь Республикасының территориясында "Одақтас батылдық – 2022" маневрлерінің мерзімін созу туралы шешім қабылдады. Стратегиялық және майдан авиациясы, артиллерия мен зымыран жүйелерінің қолдауымен Шығыс әскери округтің теңіз жаяу әскері "заңсыз қарулы құрылымдарды" жоюды пысықтап жатыр. Жерорта, Азов және Қара теңіздерде бір уақытта Ресей Әскери-теңіз флоты мен Әскери-ғарыш күштерінің ауқымды оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
АҚШ пен НАТО-ның Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен әскери қақтығыс қаупі артты. Мәскеу мен Минск америкалық әскердің Польшадағы, Украинамен шекарадағы оқу-жаттығуын жіті бақылап отыр.
"Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың тәуелсіздігін қолдайды. Ал Украинаға сыртқы тараптардың ықпал етуіне байланысты бұл елге қатысты жағдай бірыңғай құбылыс болып отыр", - деді Владимир Путин. Бұл жай айтылған сөз емес еді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0