Әлем

Биыл Ресей мен Беларусь 20 бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізеді

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуРесейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Жазылу
Одақтас мемлекет шекарасының маңында АҚШ пен НАТО-ның әскери белсенділігі Минск пен Мәскеудің бірлесе әрекет етіп, қорғаныс әлеуетін нығайтуға, стратегиялық басымдылыққа қол жеткізуге мәжбүрлеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан — Sputnik. 3 ақпанда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының қорғаныс министрлері Виктор Хренин мен Сергей Шойгу Беларусь аумағындағы бірлескен әскери топтың тапсырмаларды орындау сапасын тексерді. Одақстас мемлекеттің әрекет ету күштері белгіленген аймақтарға қайта орналастырылып, 10-20 ақпанда өтетін "Одақтық батылдық - 2022" оқу-жаттығуларына дайындалып жатыр. Бұл туралы ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды.
Лондон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Саясат
Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс бәсеңдей ме?
Сергей Шойгу әскерлерді межелі аймаққа жайғастыру жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Ресейлік ұшқыштар (12 дана Су-35 жойғыш ұшағымен), теңіз жаяу әскерлері мен десантшылары (ӘДӘ), Забайкальеден мотоатқыштар бригадасы, артиллериялық және "Искандер" зымыран кешендерінің экипажы (штатты қаруларымен), сондай-ақ "Триумфтар" (С-400 зениттік зымыран жүйелерімен) және "Панцирьлармен" әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері бүгінде Беларусь аумағына жетті.
Сарапшы маневрге қатысатын әскер мен қару-жарақ жүйелерінің нақты саны жарияланбағанмен, ол 2011 жылғы Вена құжатында белгіленген көлемнен аспайтыны анық екенін айтты. Яғни ол 9 000 әскери қызметкер, 250 танк, 250 артиллериялық жүйені қамтуға тиіс.

"Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі өткізілетін әскери іс-шаралар туралы серіктестерді ескертуге міндетті емес. Әйтсе де жауапты ведомство шетелдік мемлекеттердің әскери атташелерін бірлескен оқу-жаттығу туралы хабардар етті", - деп жазды Хроленко.

Сарапшының мәліметінше, 2 ақпанда Ресей және Беларусь әскері Брест, Доманов, Гож, Обуз-Леснов, Осипов полигондарында, сондай-ақ Барановичи, Лунинец, Лида және Мачулищи аэродромдарында бірлескен жаттығуларды бастады. Ол шараға Беларусь Республикасы Қарулы күштерінің барлығы дерлік қатысып отыр. Өткен аптаның соңында Брест полигонында әуе десанты және жалпы әскери бөлімшелер соғыс кезіндегі атыс жаттығуларын пысықтады.
Оған 152 миллиметрлі модернизацияланған өздігінен жүретін 2С3М "Акация" гаубицалары, 120 миллиметрлі өздігінен жүретін 2С9 "Нона-С" артиллериялық қондырғылары, "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесінің екі батареясы, екі миномет батареясы (2С12 "Сани" мен 2Б23 "Нона-М1") дивизиясы жұмылдырылды.
Құрлық әскерлеріне әуеден қолдау көрсетіп, шартты қарсыластың позицияларына зымыраннан шабуыл жасауды Як-130 және Су-25 ұшақтары жүзеге асырды. Бұдан кейін бірлескен әскери топ Беларусь Республикасының шекарасын қорғауды күшейту, жаудың диверсиялық-барлау топтарын іздеу, бұғаттау және жою, сыртқы агрессияның жолын кесу және тойтарыс беру бойынша әрекеттерді орындайды деп көзделіп отыр.
"Беларусь аймағында Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешенінің 15 іске қосу қондырғысы орналастырылуы "серіктестерді" алаңдатып отыр. Вашингтон Ресей Беларусь территориясында 30 мыңнан астам әскериді жайғастыруы мүмкін деген болжам айтты. Ақ үй кезекті "эскалация" жайлы мәлімдеп, халықаралық шиеленіс артады деген ойымен бөлісті. Бірақ Беларусь президенті Александр Лукашенко бірлескен әскери оқу-жаттығулар Одақтас мемлекеттің шекарасын нығайту қажеттілігінен туындағанын мәлімдеді. Ал БР ӘК Бас штабының басшысы Виктор Гулевич еуропалық көрші мемлекеттердің секемденуіне еш себеп жоқ екенін айтып, ресейлік әскер маневрлерден кейін тұрақты дислокация орнына қайтатын айтты", - деп жазды ресейлік әскери сарапшы.
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Әлем
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Александр Хроленко өз мақаласында Минск пен Мәскеудің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығы қарқынды және сындарлы бағытта дамып жатқанын атап өтті. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен 3 ақпанда МИнскте кездескенде 2022 жылға 20 бірлескен әскери маневр жоспарланып отырғанын айтты.
Ақпандағы оқу-жаттығу тәжірибесі қыркүйекте өтетін "Шығыс-2022" маневрі кезінде қажет болады. Шойгу Одақтас мемлекеттің әуе кеңістігінің қорғанысын күшейтетін Ресей-Беларусь оқу орталықтарын құрудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Беларусь Республикасының шекарасына жойғыш және зымыран тасымалдағыш ұшақтармен жүйелі түрде бірлескен патруль жүргізу, Беларусь полигондарында зымыранмен соққы жасау әдістерін пысықтау, шетелдік пилотсыз ұшақтардың барлау миссияларының жолын кесуді екі елдің бірлескен әскери әрекеттерінің тиімді үлгісі деп атауға болады.
Әскери шолушы Ресейдің Беларусь Республикасы Қарулы күштеріне су жаңа әскери техника жөнелтуі әскери-техникалық ынтымақтастықтың белсенді жүріп жатқанын аңғартатынын атап өтті. Мұның астарында Мәскеу мен Минсктің НАТО-ның Шығыс Еуропаға қарай ықпалын кеңейтуге қарсы тұру әрекеті болуы ықтимал.
Александр Лукашенко "Одақтас батылдық-2022" оқу-жаттығуына қатысатын әскери техниканың барлық түрін Ресейден сатып алуға ниетті екені белгілі болды. Әйтсе де Беларусьтің өзінде де жауынгерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесі, әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралдары, пилотсыз ұшақтар, оптика және электроника бойынша әскери техниканың жоғары технологиялық озық үлгілері жетерлік.
Стратегиялық одақтастар ретінде Беларусь пен Ресей көп салада сәтті ынтымақтастық орнатқан. Дегенмен, екі елдің ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін біртұтас қорғаныс кеңістігі басты басымдыққа ие болып отыр.
Ресейлік әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0