https://sputnik.kz/20220201/batys-pen-resey-arasyndagy-shielenis-22343630.html
Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс бәсеңдей ме?
Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс бәсеңдей ме?
Sputnik Қазақстан
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Ресей "өркениетке бет алған адамзат алдындағы өз кінәсін түсінуі үшін" шектеуді қатаңдатуға уәде етті 01.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-01T21:51+0500
2022-02-01T21:51+0500
2022-02-02T09:56+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/1223/37/12233700_0:4:1281:724_1920x0_80_0_0_37d1c788541a7ad1c5efb77983fb0d55.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ұжымдық Батыс саясаткерлері Ресейді "қатаң", "олигархтарға қарсы", "банктік" және "қаржылық" санкциялармен қорқытып жатыр. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл шара "активтер мен мүліктерді тәркілеуге" дейін жетуі мүмкін екенін айтты. Алайда мұның барлығы әзірше тек сөз күйінде қалып отыр, деп жазды РИА Новости.Альбион мен Брюссельдегі еуропалықтар санкциялар енгізілген жағдайда Ресейдің ахуалы нашарлайтынын жазып жатыр. Олар орыс экономикасы құлдырап, елде дүрбелең басталып, Ресей тығырыққа тіреледі деп болжап отыр.Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Ресей "өркениетке бет алған адамзат алдындағы өз кінәсін түсінуі үшін" шектеуді қатаңдатуға уәде етті. Ұжымдық Батыс арадағы мәселелерді шешу үшін саяси диалог жүргізуді қажет емес деп санайды. Ол көздеген мақсатына қол жеткізу үшін сабырға келуді емес, қоғамда шу тудырып, екінші тараптың мүддесін ескермеу әдісін қолданып отыр.Барлық іске тек Ресейді айыптап, мұны еуропалық БАҚ арқылы қоғамға жеткізу кеше ғана пайда болған әдіс емес. Мұндай әдістің қолданылғанына кемінде 15 жыл уақыт болған.Әлемде болып жатқан жағымсыз әрекеттерге Мәскеуді кінәлап, Еуроодақ пен НАТО-ны бейбітшілікке шақырушы, тұрақтылықты қамтамасыз етуші ретінде көрсету құрлықта 2000-жылдары басталды.Ол кезде айыптаулар астыртын айтылып, кінәні де екіұдай оймен жеткізді. Ал он бес жылға жуық уақыт ішінде русофобия нығайып, Ресей өз ұстанымын ашық айтқан кезден бастап оны әлемге агрессиялы мемлекет ретінде көрсету науқаны басталды.Мақала авторының пікірінше, Ресей қолдауды қажет ететін адамдарды қорғауға дайын екенін мәлімдеген сайын оны "агрессиялы" деп айыптаған. РФ қолдау іздегендерді өз қанатының астына алған сайын оған жала жабылған.Еуропа көп жыл бойы Ресейді әлемнен оқшаулап, оны жағымсыз кейіпте көрсетуге тырысты және бұл мақсатта кез келген әдісті қолданды. Ұлыбританияда Скрипальдің улануы кезінде "орыстардың іздерін" іздеуге тапсырма берілді. Чехиядағы әскери қоймада жарылыс болғанда, мұны орыстар істеді деп ашық айыптады. Тіпті Мәскеу Францияның Альпі тауларында барлау базаларын орналастырған деп те күмәнданды.Ресейді айыптау аптаға емес, айға емес, көп жылға созылды. Еуропалық БАҚ "Ресей арандатумен айналысып, жалған ақпарат таратып отыр" деп жиі жазды.Құрлық тарихында осы тектес ахуал бұрын да болды. Шамамен 90 жыл бұрын.Германия билігіне ұлтшыл социалистер келгеннен кейін барлық проблемаға кінәлі және басты зұлым ретінде еврейлерге айып тағылды. Бір тарапты үнемі жағымсыз бейнеде көрсетіп, екінші тарапты әулие іспеттес етіп сипаттауды еуропалықтар жақсы меңгерген. Мұндай аластату деңгейі белгілі бір шегіне жеткен соң, оның келесі кезеңі басталады.Мәскеу игі мақсатты көздесе де, кез келген сыртқы интервенция әскери және гуманитарлық апат алып келетіні туралы ескертті. Енді "араб көктемі" салдарынан Ливия мен Ирактың бүгінгі жағдайына үңілу жеткілікті.Мәскеу Киевтегі мемлекеттік төңкерістің Украина үшін салдары ауыр болатынын ашық айтты. Бұл мәселеде де саяси және экономикалық ахуал болжамның айнытпай орындалғанын меңзеп тұр.Мәскеу НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюйі құрлықтағы ауқымды тұрақсыздыққа алып келетінін айтты. Солай болды.Жалпы жаңа санкциялармен қорқытудың нәтиже бермейтіні анық. Себебі кезінде КСРО, қазір Ресей санкциялық шектеулер жағдайында ғасырдан астам уақыт тіршілік етіп жатыр. Ресей өз экономикасын тұралатпай, қолдауды қажет ететін тараптарға қолынан келгенше көмектесіп келді. Әлі де солай жалғаса береді, деп түйіндеді РИА Новости.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/37/12233700_17:0:1096:809_1920x0_80_0_0_85f2f7519c3d6c4c6027ab942c68295c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Батыс пен Ресей арасындағы шиеленіс бәсеңдей ме?
21:51 01.02.2022 (жаңартылды: 09:56 02.02.2022) Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Ресей "өркениетке бет алған адамзат алдындағы өз кінәсін түсінуі үшін" шектеуді қатаңдатуға уәде етті
НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. Ұжымдық Батыс саясаткерлері Ресейді "қатаң", "олигархтарға қарсы", "банктік" және "қаржылық" санкциялармен қорқытып жатыр. Ұлыбритания сыртқы істер министрлігінің басшысы Лиз Трасс бұл шара "активтер мен мүліктерді тәркілеуге" дейін жетуі мүмкін екенін айтты. Алайда мұның барлығы әзірше тек сөз күйінде қалып отыр, деп жазды
РИА Новости. Альбион мен Брюссельдегі еуропалықтар санкциялар енгізілген жағдайда Ресейдің ахуалы нашарлайтынын жазып жатыр. Олар орыс экономикасы құлдырап, елде дүрбелең басталып, Ресей тығырыққа тіреледі деп болжап отыр.
Басылымның хабарлауынша, бүгінде халықаралық қарым-қатынас негіздерін елеп отырған ешкім жоқ. Өйткені тарихты жақсы білмейтін министрлер мәлімдеме жасап, еуропалық демократия басшысы "Ресей – демократия жауы" деп ашық айыптауға көшкен.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі Ресей "өркениетке бет алған адамзат алдындағы өз кінәсін түсінуі үшін" шектеуді қатаңдатуға уәде етті. Ұжымдық Батыс арадағы мәселелерді шешу үшін саяси диалог жүргізуді қажет емес деп санайды. Ол көздеген мақсатына қол жеткізу үшін сабырға келуді емес, қоғамда шу тудырып, екінші тараптың мүддесін ескермеу әдісін қолданып отыр.
Барлық іске тек Ресейді айыптап, мұны еуропалық БАҚ арқылы қоғамға жеткізу кеше ғана пайда болған әдіс емес. Мұндай әдістің қолданылғанына кемінде 15 жыл уақыт болған.
Әлемде болып жатқан жағымсыз әрекеттерге Мәскеуді кінәлап, Еуроодақ пен НАТО-ны бейбітшілікке шақырушы, тұрақтылықты қамтамасыз етуші ретінде көрсету құрлықта 2000-жылдары басталды.
Ол кезде айыптаулар астыртын айтылып, кінәні де екіұдай оймен жеткізді. Ал он бес жылға жуық уақыт ішінде русофобия нығайып, Ресей өз ұстанымын ашық айтқан кезден бастап оны әлемге агрессиялы мемлекет ретінде көрсету науқаны басталды.
Мақала авторының пікірінше, Ресей қолдауды қажет ететін адамдарды қорғауға дайын екенін мәлімдеген сайын оны "агрессиялы" деп айыптаған. РФ қолдау іздегендерді өз қанатының астына алған сайын оған жала жабылған.
Еуропа көп жыл бойы Ресейді әлемнен оқшаулап, оны жағымсыз кейіпте көрсетуге тырысты және бұл мақсатта кез келген әдісті қолданды. Ұлыбританияда Скрипальдің улануы кезінде "орыстардың іздерін" іздеуге тапсырма берілді. Чехиядағы әскери қоймада жарылыс болғанда, мұны орыстар істеді деп ашық айыптады. Тіпті Мәскеу Францияның Альпі тауларында барлау базаларын орналастырған деп те күмәнданды.
Ресейді айыптау аптаға емес, айға емес, көп жылға созылды. Еуропалық БАҚ "Ресей арандатумен айналысып, жалған ақпарат таратып отыр" деп жиі жазды.
Құрлық тарихында осы тектес ахуал бұрын да болды. Шамамен 90 жыл бұрын.
Германия билігіне ұлтшыл социалистер келгеннен кейін барлық проблемаға кінәлі және басты зұлым ретінде еврейлерге айып тағылды. Бір тарапты үнемі жағымсыз бейнеде көрсетіп, екінші тарапты әулие іспеттес етіп сипаттауды еуропалықтар жақсы меңгерген. Мұндай аластату деңгейі белгілі бір шегіне жеткен соң, оның келесі кезеңі басталады.
"Мәскеу ойдан құрастырылған "Ресейге энергиялық тәуелділіктен" құтылғысы келген Еуроодақтың жанармай үшін әлдеқайда қымбат баға төлейтінін айтты. Дәл солай болды", - деп толықтырды автор.
Мәскеу игі мақсатты көздесе де, кез келген сыртқы интервенция әскери және гуманитарлық апат алып келетіні туралы ескертті. Енді "араб көктемі" салдарынан Ливия мен Ирактың бүгінгі жағдайына үңілу жеткілікті.
Мәскеу Киевтегі мемлекеттік төңкерістің Украина үшін салдары ауыр болатынын ашық айтты. Бұл мәселеде де саяси және экономикалық ахуал болжамның айнытпай орындалғанын меңзеп тұр.
Мәскеу НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюйі құрлықтағы ауқымды тұрақсыздыққа алып келетінін айтты. Солай болды.
Жалпы жаңа санкциялармен қорқытудың нәтиже бермейтіні анық. Себебі кезінде КСРО, қазір Ресей санкциялық шектеулер жағдайында ғасырдан астам уақыт тіршілік етіп жатыр. Ресей өз экономикасын тұралатпай, қолдауды қажет ететін тараптарға қолынан келгенше көмектесіп келді. Әлі де солай жалғаса береді, деп түйіндеді РИА Новости.