https://sputnik.kz/20220223/resey-ukrina-zhagday-23019414.html
Ресей көрші елдердің егемендігін қолдайды, алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше — Путин
Ресей көрші елдердің егемендігін қолдайды, алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше — Путин
Sputnik Қазақстан
Путиннің сөзінше, Украинаның аумағы өзге елдің Ресейге қауіп төндіруі үшін пайдаланылып отыр 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T11:04+0500
2022-02-23T11:04+0500
2022-02-23T11:15+0500
әлем
владимир путин
ресей
украина
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949907_0:0:3111:1751_1920x0_80_0_0_b2f3651e8190d84fcef7f33be702d144.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Ресей көрші мемлекеттердің егемендігін қолдайды. Алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше, деді РФ президенті Владимир Путин Мәскеуге ресми сапармен келген Әзербайжан басшысы Ильхан Әлиевпен кездесуде. Бұл туралы Кремль хабарлады.Путин тіпті таулы қарабах сияқты ушыққан жағдайларды реттеуде Ресей бұл процеске тартылған барлық елдің мүддесін ескеріп, аса мұқият әрекет еткенін атап өтті.Путин Қазақстан президентінің өтінішінен кейін ҰҚШҰ бітімгерлерінің елдегі жағдайды тұрақтандыруға аттандырылғанын еске салды."Мәселе шешілгеннен кейін Қазақстан президентінің өтініші бойынша бітімгерлер елден шығарылды. Қазақстанның егемендігін нығайтуға бағытталған ҰҚШҰ аясындағы әріптестік те жалғасын тапты", - деді Ресей басшысы.Путин Ресей өзге көршілерімен де осындай қарым-қатынаста болатынын атап өтті."Ал Украинамен арадағы жағдай өзгеше. Бұл осы елдің аумағын үшінші елдің Ресей Федерациясына қауіп төндіру мақсатында пайдалануымен байланысты. Мәселе сонда ғана", - деді Путин.Әлиевпен кездесу кезінде ол Минск келісіміне де тоқталды."Минск келісімі кешегі Донбасс халық республикасын мойындағанға дейін жойылған болатын. Оны жойған біз емес, киевтік билік. Кешегі жағдай, яғни бұл республикаларды мойындау, Киевтің келісім міндеттемелерін орындауға құлықсыз екенінен туындады", - деді Путин.
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18949907_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_bebfd962f8acfa42ce16a6edb610af0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, ресей, украина
владимир путин, ресей, украина
Ресей көрші елдердің егемендігін қолдайды, алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше — Путин
11:04 23.02.2022 (жаңартылды: 11:15 23.02.2022) Путиннің сөзінше, Украинаның аумағы өзге елдің Ресейге қауіп төндіруі үшін пайдаланылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан — Sputnik. Ресей көрші мемлекеттердің егемендігін қолдайды. Алайда Украинаға қатысты жағдай өзгеше, деді РФ президенті Владимир Путин Мәскеуге ресми сапармен келген Әзербайжан басшысы Ильхан Әлиевпен кездесуде. Бұл туралы
Кремль хабарлады.
Путин тіпті таулы қарабах сияқты ушыққан жағдайларды реттеуде Ресей бұл процеске тартылған барлық елдің мүддесін ескеріп, аса мұқият әрекет еткенін атап өтті.
"Сізбен кездесудің алдында ғана Қазақстан президентімен сөйлестім. Бұл Ресей көрші елдердің егемендігін қолдайтыны мен оны нығайтуға тырысатындығының тағы бір айқын мысалы. Қазақстанда болған жағдай біздің саясатымыздың нақты осындай екенін көрсетеді", - деді Путин.
Путин Қазақстан президентінің өтінішінен кейін ҰҚШҰ бітімгерлерінің елдегі жағдайды тұрақтандыруға аттандырылғанын еске салды.
"Мәселе шешілгеннен кейін Қазақстан президентінің өтініші бойынша бітімгерлер елден шығарылды. Қазақстанның егемендігін нығайтуға бағытталған ҰҚШҰ аясындағы әріптестік те жалғасын тапты", - деді Ресей басшысы.
Путин Ресей өзге көршілерімен де осындай қарым-қатынаста болатынын атап өтті.
"Ал Украинамен арадағы жағдай өзгеше. Бұл осы елдің аумағын үшінші елдің Ресей Федерациясына қауіп төндіру мақсатында пайдалануымен байланысты. Мәселе сонда ғана", - деді Путин.
Әлиевпен кездесу кезінде ол Минск келісіміне де тоқталды.
"Минск келісімі кешегі Донбасс халық республикасын мойындағанға дейін жойылған болатын. Оны жойған біз емес, киевтік билік. Кешегі жағдай, яғни бұл республикаларды мойындау, Киевтің келісім міндеттемелерін орындауға құлықсыз екенінен туындады", - деді Путин.