https://sputnik.kz/20220217/toqaev-mangystau-oblysy-akimine-tapsyrma-berdi---22865696.html
Тоқаев Маңғыстау облысы әкіміне тапсырма берді
Тоқаев Маңғыстау облысы әкіміне тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары президентке, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мен Маңғыстау облысының... 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T11:11+0500
2022-02-17T11:11+0500
2023-08-09T16:44+0500
өңірлер
қасым-жомарт тоқаев
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22689341_0:0:1749:985_1920x0_80_0_0_2cb511a9d252e71a419c16e47d2deb95.jpg
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан президентінің телерадиокешені КЕАҚ. Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Айта кетері, 16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жолдады."Ақтаукрантехсервис" ЖШС жұмысшылары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қатысты өндірістік аумағында жұмыс жасап жүргендіктен өздерін осы компания қарамағына алуды, трансферлік мекемелерге тиесілі еңбек жалақысына теңестіруді талап етті. Талап орындалмаса, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеді. Ал 7 ақпанда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған.
https://sputnik.kz/20220207/mangystau-oblysy-zhumysshylar-22587339.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0a/22689341_0:0:1657:1243_1920x0_80_0_0_9d2950cb0d0e6ba9b058b4589fc5f938.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев маңғыстау облысы әкім нұрлан ноғаев касым-жомарт токаев нурлан ногаев мангистау аким
қасым-жомарт тоқаев маңғыстау облысы әкім нұрлан ноғаев касым-жомарт токаев нурлан ногаев мангистау аким
Тоқаев Маңғыстау облысы әкіміне тапсырма берді
11:11 17.02.2022 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) 16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары президентке, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы мен Маңғыстау облысының әкіміне үндеу жолдады
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан президентінің телерадиокешені КЕАҚ.
Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетері, 16 ақпанда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу жолдады.
"Ақтаукрантехсервис" ЖШС жұмысшылары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қатысты өндірістік аумағында жұмыс жасап жүргендіктен өздерін осы компания қарамағына алуды, трансферлік мекемелерге тиесілі еңбек жалақысына теңестіруді
талап етті. Талап орындалмаса, жұмысты тоқтататындарын мәлімдеді.
Ал 7 ақпанда "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған.