https://sputnik.kz/20220207/mangystau-oblysy-zhumysshylar-22587339.html
Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео
Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео
Sputnik Қазақстан
Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты 07.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-07T15:29+0500
2022-02-07T15:29+0500
2022-02-07T15:29+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
жұмысшылар
наразылық акциялары
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_0:40:3073:1768_1920x0_80_0_0_e6de3d81f57b24f36f3f4b9c3916ec0a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, тағы да наразылық акциясын ұйымдастырды.Жергілікті "Лада" басылымының хабарлауынша, жұмысшылар энергокомбинаттың жанына жиналды.Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Энергетика министрлігі Sputnik тілшісіне ресми ақпарат дайындалып жатқанын айтты.3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.Сол кезде жұмысшылар алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан жеті адам кірді.Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 процентке көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды.Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Енді мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралатын болады.Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының мұнайшылары президентке үндеу жолдады – видео
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/354/77/3547704_148:0:2879:2048_1920x0_80_0_0_0b98dca8de6ad8e262b2bced4bcb058c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жұмысшылар, наразылық акциялары
маңғыстау облысы, жұмысшылар, наразылық акциялары
Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео
Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, тағы да наразылық акциясын ұйымдастырды.
Жергілікті
"Лада" басылымының хабарлауынша, жұмысшылар энергокомбинаттың жанына жиналды.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Энергетика министрлігі
Sputnik тілшісіне ресми ақпарат дайындалып жатқанын айтты.
3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.
Сол кезде жұмысшылар алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан жеті адам кірді.
Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 процентке көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды.
Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Енді мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралатын болады.