Өңірлер

Маңғыстауда тағы бір компанияның мұнайшылары талап қойды – видео

© Photo : Рixabay.com/Karl Reinery Каски
Каски - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Жазылу
Олар талаптары орындалмаса, жұмысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының мұнайшылары "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшылығына бейне үндеу жолдады.
Олар талаптар орындалмаса, жұмысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
"Ақтаукрантехсервис" ЖШС жұмысшылары өздерінің талап-арызын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолдады.
"Біз осы күнге дейін қойылған талаптарымыздың орындалмауына байланысты сіздерден көмек сұраймыз. Біздің жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қатысты өндірістік аумағында жұмыс жасап жүргендіктен, бізді осы компанияның қарамағына алуыңызды және трансферлік мекемелерге тиесілі еңбек жалақысына теңестіруіңізді талап етеміз. Сондай-ақ, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайымызды теңестіруді сұраймыз. Осы талаптарымыз таңғы сағат 7:00 мен 9:00-дің аралығында шешілмесе, жұмысты тоқтатуға мәжбүр боламыз", - дейді жұмысшылар.
Сондай-ақ, олар қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз жапа шеккен азаматтарды қудалауды және жала жабуды тоқтатуға үндеді.
Айта кетері, 2021 жылы тамыз айында "Ақтаукрантехсервис" ЖШС жұмысшылары жалақыны екі есеге көтеруді талап еткен. Себебі айына 120 мың теңге алады. Сол кезде оларды Ақтау, Жаңаөзен мен Жетібайдағы әріптестері қолдаған.
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2022
Өңірлер
Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео
Жаңалықтар
0