https://sputnik.kz/20220217/atyrau-munay-ondeu-zauyty-22877628.html
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол зауытты 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың маусымына дейін басқарған 17.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-17T15:27+0500
2022-02-17T15:27+0500
2022-02-17T15:42+0500
оқиға
атырау
мұнай өңдеу зауыты
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0f/16040267_0:306:3072:2034_1920x0_80_0_0_945fc95e613651ba112ba223ed3e76f9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды, деп хабарлады АқЖайық порталы.Тергеу шараларын қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облыстық департаменті жүргізіп жатыр. Порталдың мәліметіне сәйкес, зауыттың экс-басшысы Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отыр. Ол тергеу изоляторына қамалды.Sputnik Қазақстан тілшісі ақпаратты нақтылау үшін қаржы мониторингі агенттігінің бас аппаратына хабарласты. Аппарат қызметкерлері ақпарат түскен бойда агенттіктің Telegram-арнасында жарияланатынын айтты.Айта кетері, Шухрат Данбай Атырау мұнай өңдеу зауытын 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың маусымына дейін басқарған.Бұрынғы басшы туралы не белгілі Шухрат Данбай 1963 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. "Қайнар" университетін "халықаралық экономикалық қарым-қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілендіру (DBA) бойынша доктор атағы бар. Данбай мұнайды өңдеу және жеткізу саласындағы ірі коммерциялық құрылымдарды басқарған. "Казтоммұнай" ЖШС, "Гелиос" ЖШС мен "Қазақстанның отын-энергетика кешені" ЖШС бас директоры болды."Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ бас директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының мұнай-химия және мұнай өңдеу бойынша атқарушы директоры қызметін атқарған. 2009 жылы қыркүйек айында "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ бас директоры болып тағайындалды. Сол кезде зауытта ауқымды жаңғырту жұмыстары атқарылған. Алайда 2017 жылы дизельді отын мәселесі туындағанда сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев Данбайды сынға алды. Себебі зауытта бірнеше апта бойы дизель отынын өндіруге қажетті қондырғы істемей тұрған. Дәнекерлеуші кінәлі деп танылды. Ал Шухрат Данбай өз еркімен бас директор қызметінен кетті. Соңғы уақытта Данбай "ҚазМұнайГаз" АҚ өңдеу бойынша атқарушы директоры қызметін атқарған.
https://sputnik.kz/20220128/vitse-ministr-Operator-ROP-19232804.html
https://sputnik.kz/20220131/Nur-AvtoKz-kompaniya-19249016.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0f/16040267_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e3f8bc18565338fe6b0161021e7adf06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау мұнай өңдеу зауыты басшысы атырауское нпз шухрат данбай
атырау мұнай өңдеу зауыты басшысы атырауское нпз шухрат данбай
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды
15:27 17.02.2022 (жаңартылды: 15:42 17.02.2022) Ол зауытты 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың маусымына дейін басқарған
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Алматы қаласында Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды, деп хабарлады
АқЖайық порталы.
Тергеу шараларын қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облыстық департаменті жүргізіп жатыр.
Порталдың мәліметіне сәйкес, зауыттың экс-басшысы Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отыр. Ол тергеу изоляторына қамалды.
Sputnik Қазақстан тілшісі ақпаратты нақтылау үшін қаржы мониторингі агенттігінің бас аппаратына хабарласты. Аппарат қызметкерлері ақпарат түскен бойда агенттіктің Telegram-арнасында жарияланатынын айтты.
Айта кетері, Шухрат Данбай Атырау мұнай өңдеу зауытын 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың маусымына дейін басқарған.
Бұрынғы басшы туралы не белгілі
Шухрат Данбай 1963 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. "Қайнар" университетін "халықаралық экономикалық қарым-қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілендіру (DBA) бойынша доктор атағы бар.
Данбай мұнайды өңдеу және жеткізу саласындағы ірі коммерциялық құрылымдарды басқарған. "Казтоммұнай" ЖШС, "Гелиос" ЖШС мен "Қазақстанның отын-энергетика кешені" ЖШС бас директоры болды.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ бас директорының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының мұнай-химия және мұнай өңдеу бойынша атқарушы директоры қызметін атқарған.
2009 жылы қыркүйек айында "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ бас директоры болып тағайындалды. Сол кезде зауытта ауқымды жаңғырту жұмыстары атқарылған. Алайда 2017 жылы дизельді отын мәселесі туындағанда сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев Данбайды сынға алды.
Себебі зауытта бірнеше апта бойы дизель отынын өндіруге қажетті қондырғы істемей тұрған. Дәнекерлеуші кінәлі деп танылды. Ал Шухрат Данбай өз еркімен бас директор қызметінен кетті.
Соңғы уақытта Данбай "ҚазМұнайГаз" АҚ өңдеу бойынша атқарушы директоры қызметін атқарған.