Қоғам

Nur-AvtoKz компаниясы басшысының орынбасары ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Кәсіпкер нарықтан төмен бағаға көлік алмақ болған азаматтардың 3 миллиард теңгеден астам қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. "Nur-AvtoKz" ЖШС директорының орынбасары көлік сату арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2021 жылдың қыркүйегінен бері полицияға 280-ге жуық елорда тұрғыны арызданған. Олар "Nur-AvtoKz" ЖШС басшылығы көлік сатамыз деген уәдесін орындамай, ақшасын иемденгенін мәлімдеді.  
Компания басшылығы азаматтармен 45 жұмыс күні ішінде нарықтан төмен бағаға көлік жеткізіп беру туралы келісім жасағаны анықталды. Сатып алушылар ақшаны ЖШС кассасына төлеген. Материалдық шығын 3 миллиард теңгеден асады.
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.
ЖШС директорының 35 жастағы орынбасары 2021 жылдың қазан айынан бері тергеу органдарынан қашып жүрген, сотқа дейінгі тергеу барысында оған іздеу жарияланған. Оған қатысты тергеу сотының шешімімен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
2022 жылдың қаңтар айында күдікті Ақтау қаласында ұсталды.
Жаңалықтар
0