Қоғам

Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы 2 айға қамалды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев сыбайлас жемқорлық әрекеті бойынша күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 28 қаңтар – Sputnik. Сот сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті қамауға алуға санкция берді. Олардың ұсталғаны 26 қаңтарда белгілі болды.
Сот отырысы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өтті. Күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қалалық сот сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайтынын мәлімдеді.
Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бастап вице-министр болды. Оның айналысқан мәселесінің бірі – қоқысты утилизациялау.
Құмарғалиев 2019 жылдың қарашасында "ӨКМ операторы" жеке компаниясының басқарма төрағасы болды.
Айта кетері, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "ӨКМ операторының" қызметін тоқтатуды тапсырды.
Компания утилизациялық алыммен айналысқан, яғни келешекте көлікті утилизациялауға жұмсалатын бір жолғы төлемді жинады. Тоқаев мұндай төлемдерді жинаумен жеке компания емес, мемлекет айналысуы керек деп мәлімдеді. Сонымен қатар ол азаматтармен бірге утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарауды тапсырды.
Осыдан кейін үкімет "ӨКМ операторы" ЖШС қызметін тоқтату туралы қаулы шығарды. Утилизациялық алым есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді.
Бұған дейін Құмарғалиевтің қол астындағылардың бірі – Руслан Шәмшиевтің қайтыс болғаны туралы хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, ол өзін өлтірген. Шәмшиев 2021 жылдан бастап "ӨКМ операторы" компаниясында құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды.
Оқи отырыңыз: "Оператор РОП" басқарушы директоры өлі табылды 
Жаңалықтар
0