Өңірлер

Президент сынынан кейін Жаңаөзенде жұмыссыздық мәселесі қолға алынды

© AP Photo/ Dario Lopez-MillsНефтяники
Нефтяники - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Бірнеше сағат бұрын ғана Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмысшылардың талаптарын жан-жақты зерделеуге тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды", - делінген хабарламада.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді.
Комиссияның негізгі мақсаты-бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге келу.
Бірнеше сағат бұрын ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың талаптарын жан-жақты зерделеуге тапсырма берді.
"Қабылданған шараларға қарамастан, еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді. Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Маңғыстау облысында еңбек дауларына қатысты мәселелер ушығып тұр. Жуықта "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, тағы да наразылық акциясын ұйымдастырды.
3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.
Сонымен қатар Маңғыстау облысының мұнайшылары еңбек дауына қатысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
"Ойл Транспорт Корпорейшэн" ЖШС жұмысшылары президенттен қысқартуға қатысты мәселені шешуді сұрады.
Жаңалықтар
0