Өңірлер

Тоқаев Маңғыстаудағы наразылықтарға қатысты тапсырма берді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуКаски рабочих, архивное фото
Каски рабочих, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық мәселені әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Барлық мәселені бірлесіп атқарған жөн
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жұмысшылардың талаптарын жан-жақты зерделеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қабылданған шараларға қарамастан, еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келеді. Оны ашық айту керек. Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау қажет. Олардың заңды құқығы мен мүдделері сақталуға тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелерімен сындырлы диалог орнатуы керек. Ал қабылданған шешімнің бәрін жұмысшыларға дұрыстап түсіндіру маңызды", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, проблеманың бәрін әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Барлық мәселені бірлесіп атқарған жөн.
"Наразылық білдірген азаматтардың проблемаларын шешу үшін үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры тығыз жұмыс істеуге тиіс. Қажет болса, үкіметтің арнайы комиссиясын тағы да Маңғыстау облысына жіберу керек", - деп атап көрсетті президент.
Осы орайда мемлекет басшысы Маңғыстау облысын дамытуға арналған кешенді жоспар қабылданғанын еске салды. Соның аясында қомақты қаржы бөлу қарастырылған.
"Қаражат бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалуға тиіс. Сондықтан істі созбалаңға салмай, дереу жұмысқа кірісу керек. Расында облыстағы ахуал мәз емес", - деді Тоқаев.
Жаңалықтар
0