https://sputnik.kz/20220204/zardap-shekken-qalalar-video-22537964.html
Қаңтардағы бүлікке 1 ай: зардап шеккен қалалардың қазіргі жай-күйі
Қаңтардағы бүлікке 1 ай: зардап шеккен қалалардың қазіргі жай-күйі
Sputnik Қазақстан
Осыдан бір ай бұрын Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Бүлікшілер бірнеше қалада әкімшілік ғимараттарды талқандап, өртеп жіберді, дүкендерді тонады.
2022-02-04T17:15+0500
2022-02-04T17:15+0500
2022-05-23T15:24+0500
тәртіпсіздік
қаңтар
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22536083_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_bc58162eecc967a6b85399a3a60dfddf.jpg
Қазір Қазақстанның бірқатар өңірінде зардап шеккен ғимараттар қалпына келтіріле бастады. Sputnik Қазақстан тілшілері ғимараттардағы жөндеу жұмыстарын видеоға түсірді.Алматыда қала әкімдігінің ғимараты бастан-аяқ жөнделеді. Жұмысшылар білек сыбана іске кірісті. Қаладағы президент резиденциясы да қалпына келтіріле бастады. Республика алаңында БАҚ кеңселері орналасқан ғимарат әзірге сол қалпы тұр. Оған бүліктен нақты қанша шығын келгені әлі белгісіз.Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерден жеті ғимарат зардап шеккен. Олардың арасында облыс әкімдігі, облыстық полиция департаменті, полиция бөлімшелері, Nur Otan партиясының филиалдары бар. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, нысандарды қалпына келтіруге 3,5 миллиард теңге қажет.Талдықорғанда бүлікшілер бес мемлекеттік ғимаратты тас-талқан етті. Олар: ҰҚК мен полиция департаменті, облыстық әкімдік пен қалалық полиция, сондай-ақ Nur Otan партиясы филиалының ғимараттары.Болжам бойынша Талдықорған полиция басқармасын қалпына келтіруге бір миллиард теңге, ал әкімдік ғимаратын жөндеуге алты миллиард теңгедей қажет.Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші тұрған алаң сол қалпы тұр. Жөндеу жұмыстары байқалмайды.Қызылордада тоғыз ғимаратта жөндеу жүріп жатыр.Қаңтар оқиғаларыҚаңтар айының басында елдің батысында бейбіт митингтер басталды. Маңғыстаулықтар автогаз бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап еткен еді. Үкіметте арнайы комиссия құрылды. Олар белсенділермен келіссөз жүргізіп, ақыры халықтың талабы орындалды. Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады. Алайда кейін бірнеше қалада митинг соңы тәртіпсіздіктер мен бүлікке ұласты.Алматыда бүлікшілер әкімшілік ғимараттар мен полиция көліктерін қиратып, өртеп жіберді. Қалалық полиция департаментінің ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалды. Дүкендер, сауда орындары, банктер тоналды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға террористер шабуылдағанын мәлімдеді.Елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан басшылығы ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Республикаға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.Бүлікке байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланды.
https://sputnik.kz/20220129/Toqaev-Almatydagy-bulikshiler-turaly-aytty-19240881.html
https://sputnik.kz/20220125/Nazarbaev-eskertkish-video-19215382.html
https://sputnik.kz/20220121/ekonomika-sarapshylar-bolzham-19189423.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/04/22536083_162:0:1602:1080_1920x0_80_0_0_171d41fa8b915ff1578d9b23ad971c7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғалары бүлік видео алматы тараз талдықорған тәртіпсіздіктер беспорядки погром
қаңтар оқиғалары бүлік видео алматы тараз талдықорған тәртіпсіздіктер беспорядки погром
Қаңтардағы бүлікке 1 ай: зардап шеккен қалалардың қазіргі жай-күйі
17:15 04.02.2022 (жаңартылды: 15:24 23.05.2022) Осыдан бір ай бұрын Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер болды. Бірнеше қалада бас көтерген бүлікшілер әкімшілік ғимараттарды өртеп, сауда орталықтарын тонады
Қазір Қазақстанның бірқатар өңірінде зардап шеккен ғимараттар қалпына келтіріле бастады.
Sputnik Қазақстан тілшілері ғимараттардағы жөндеу жұмыстарын видеоға түсірді.
Алматыда қала әкімдігінің ғимараты бастан-аяқ жөнделеді. Жұмысшылар білек сыбана іске кірісті. Қаладағы президент резиденциясы да қалпына келтіріле бастады. Республика алаңында БАҚ кеңселері орналасқан ғимарат әзірге сол қалпы тұр. Оған бүліктен нақты қанша шығын келгені әлі белгісіз.
Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерден жеті ғимарат зардап шеккен. Олардың арасында облыс әкімдігі, облыстық полиция департаменті, полиция бөлімшелері, Nur Otan партиясының филиалдары бар. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, нысандарды қалпына келтіруге 3,5 миллиард теңге қажет.
Талдықорғанда бүлікшілер бес мемлекеттік ғимаратты тас-талқан етті. Олар: ҰҚК мен полиция департаменті, облыстық әкімдік пен қалалық полиция, сондай-ақ Nur Otan партиясы филиалының ғимараттары.
Болжам бойынша Талдықорған полиция басқармасын қалпына келтіруге бір миллиард теңге, ал әкімдік ғимаратын жөндеуге алты миллиард теңгедей қажет.
Ал Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші тұрған алаң сол қалпы тұр. Жөндеу жұмыстары байқалмайды.
Қызылордада тоғыз ғимаратта жөндеу жүріп жатыр.
Қаңтар айының басында елдің батысында бейбіт митингтер басталды. Маңғыстаулықтар автогаз бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап еткен еді. Үкіметте арнайы комиссия құрылды. Олар белсенділермен келіссөз жүргізіп, ақыры халықтың талабы орындалды. Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады. Алайда кейін бірнеше қалада митинг соңы тәртіпсіздіктер мен бүлікке ұласты.
Алматыда бүлікшілер әкімшілік ғимараттар мен полиция көліктерін қиратып, өртеп жіберді. Қалалық полиция департаментінің ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалды. Дүкендер, сауда орындары, банктер тоналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға террористер шабуылдағанын мәлімдеді.
Елдегі ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстан басшылығы ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Республикаға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетті.
Бүлікке байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланды.