Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Назарбаевтың ескерткіші орнына қойыла ма: Талдықорғандағы алаңның қазіргі күйі – видео

Жазылу
Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші әлі орнына қойылған жоқ.
Облыстық әкімдіктің ғимаратына да қатты зақым келген. Осы нысан қаңтардағы оқиғалар кезінде отқа оранған болатын.
Өңір басшылығы тұңғыш президенттің ескерткішін қалпына келтіру жайында осы күнге дейін ештеңе айтпаған еді. Сөйтсе, бұл мәселені "кейінге қалдыруға" шешім қабылданған.
Талдықорған алаңында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші 2016 жылы қараша айында орнатылған болатын. Қоладан құйылған монументтің биіктігі - 8,5 метр. 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Елбасының ескерткіші қиратылды.
Облыстық әкімдіктің мамандары барлық нысанды қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін монумент мәселесін қарастыратынын жеткізді.
Талдықорғанда ескерткіш тұрған алаңның қазіргі күйін видеодан көріңіз.
Жаңалықтар
0