https://sputnik.kz/20220127/Resey-askeri-dayyndyk-19225550.html
Ресей екі округтің әскери дайындығын тексеріп жатыр
Ресей екі округтің әскери дайындығын тексеріп жатыр
Sputnik Қазақстан
РФ Қорғаныс министрлігінің жоспары және Еуропадағы күрделі әскери-саяси ахуалға байланысты Ресейдегі екі бірдей – Батыс және Оңтүстік әскери округтің... 27.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-27T13:18+0500
2022-01-27T13:18+0500
2022-02-01T13:05+0500
колумнист
https://sputnik.kz/img/07e5/02/05/16223951_0:68:3396:1988_1920x0_80_0_0_ab3d7312142a85c7d86979b2c2240bba.jpg
Полигонда, жорықта және ұшу кезінде әскердің арнайы дайындығы мен жауынгерлік біліктілігінің жоғары деңгейі қалыптасады. Бұл Ресей мен оның одақтастарының қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігі мен егемендігінің негізі болып отыр.РФ Қарулы күштері Батыс және Оңтүстік әскери округтердегі әскери құрылымдар мен бөлімдер 25 қаңтарда дабыл бойынша сап түзеп, әскери полигондарға бет алды және жоспарға сәйкес әскери-оқу-жаттығу мінддеттерін орындап жатыр. Оған округке қарасты 7 мыңнан астам әскери қызметкер және жүздеген қару-жарақ, әскери және арнайы техника жұмылдырылды.Операциялық ахуалға қарай жалпы әскери армия құрылымдары, әскери-әуе күштері және әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс бірлестіктері, Балтық және Қара теңіз флоттары, Каспий флотилиясының кеме топтары бірлесіп әрекет етіп жатыр. Ресейлік қарулы күштер мен құралдар іргелес жатқан Балтық елдері, Оңтүстік Кавказ және Украина елдерінің қауіпсіздігіне еш қауіп төндіріп тұрған жоқ.Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі кеңістікте 1-ші танк армиясы мен 58-ші жалпы әскери армия әрекетке көшті. Майдан алқабында "Искандер-М" жедел-тактикалық кешендері мен өздігінен жүретін "Акация" артиллериялық қондырғысы орналастырылды. Батыс әскери округі мен Оңтүстік әскери округтің қарулы күштерінің үлкен қашықтыққа жеткізгеннен кейін әскери тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп жатыр. Қырым, Кубань және Ростов облысында 60-тан астам Су-27СМ, Су-30СМ2, Су-34 жойғыш және бомбалаушы ұшақтары нысанадан мейлінше алыс қашықтықта зымыран соққыларын орындауды пысықтауда.Әскери іс-қимыл аудандарына қарай бет алған Приднестровьедегі ресейлік бітімгерлік бөлімшелер де жоспарлы іс-әрекетті орындады. Бұл бөлімшелер Батыс әскери округінің құрылымына кіретінін атап өту керек.Балтық, Қара және Каспий теңіздерінде екі флот пен бір флотилияның кеме топтары әрекет етіп жатыр. Балтық теңізіндегі оқу-жаттығулар барысында "Мытищи", "Одинцово" мен "Зеленый Дол" шағын зымыран кемелері ықтимал жаудың әуе шабуылы қаруын бейнелейтін нысаналарға оқ жаудырды.Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі РФ Әскери-теңіз флотының 140-тан астам кемесі, 10 мыңнан астам әскери қызметкердің қатысуымен әлемнің әр түкпірінде маневрлер топтамасын бастағанын хабарлады. Беларусь Республикасының аумағында 10-20 ақпанда өтетін "Одақтастар батылдығы – 2022" бірлескен ресейлік-беларусь оқу-жаттығуларына белсенді дайындық жалғасып жатыр. Украина бағытындағы күрделі жағдайды ескере отырып, Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекара комитеті мемлекет шекарасын қорғау үшін резервтік күштер мен құралдарды шоғырландырды.Батыс әскери округ пен Оңтүстік әскери округтің дайындығын тексеру 29 қаңтарға дейін жалғасады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 26 қаңтарда британ әріптесі Лиз Трасспен "өз шекарасындағы ресейлік агрессияны" талқылады. Бір күн бұрын Атлант кеңесі хабар таратқан іс-шарада "Беларусь Республикасымен бірлескен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, яғни 20 ақпанда Ресей Федерациясының әскері, шамамен 127 000 әскер Украинаға басып кіретіні" айтылды.Вашингтон бірнеше айдан бері Ресейдің Украинаға шабуылы туралы жалған ақпарат таратып жатыр. Олар тіпті Приднестровье жағынан РФ агрессиясын да байқағанын айтты. Алайда әскермен басып кіру Пентагон мен НАТО әдеті екенін әлем ұмытқан жоқ. Ол үшін Ауғанстан, Югославия, Ирак, Ливия, Сирияны еске алса жеткілікті. Ресей Украинаға америкалық қару жеткізілуі мен АҚШ Әскери-теңіз күштері кемелерінің Ресей жағалауында болуын құптамайды. Мәскеу америкалықтардың русофобияны насихаттап, Вашингтонның халықаралық қарым-қатынаста екіжақты пікірді ұстану әдісіне наразы. Ресей ұжымдық Батыспен арадағы қарым-қатынасты ауқымды түрде трансформациялауға дайын. Оған барлық тараптың мүддесі тең қарастырылған өзара қауіпсіздік туралы келісімшарт қана негіз бола алады.Вашингтон мен Брюссель әзірше Мәскеумен диалогта ымыраға келуге дайын емес. АҚШ пен НАТО ресейлік бейбіт ұсыныстарға екіұдай жауап беріп, нақты кепілдік ұсынуды созып жатыр. Пентагон Еуропаға Солтүстік Америкадан қосымша әскер жөнелтуді көздеп отыр. Оның саны сегізден елу мыңға дейінгі әскериді құрауы мүмкін. Дания Балтық теңізіне фрегат, Литваға төрт F-16 жойыш ұшағы жөнелтпек. Ал Нидерланды Болгарияға екі F-35 ұшағын жеткізуді жоспарлап отыр. Испания мен Франция Румыниядағы әскерилер санын арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.Әйтсе де америкалықтар Мәскеудің бейбіт "ультиматумын" елемей, қауіпсіздік жөніндегі келіссөзді ұзаққа созып жүре алмайды. Ядролық держава ретінде Ресей кез келген әскери іс-қимылға дайын. Ақпанда Мәскеу "Б жоспарына" көшіп, америкалықтар мен олардың одақтастарын басқа саяси және әскери-техникалық әдіспен бейбітшілікке көнуге мәжбүрлейді.Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров еске салды. Бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласпаса да, Кремль әрекеті Ақ үй алдында бірнеше талап қояды. Мәскеудің саясаты мен стратегиясына қарсы әрекет ететін тиімді құрал әзірше Вашингтонда жоқ. Сондықтан АҚШ-тың көпполярлы әлемнің қазіргі қатаң талаптарына қарай икемделуіне тура келеді.Әскер шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20220121/Resey-ASh-obligatsiyalary-19204494.html
https://sputnik.kz/20220119/Litva-Ukraina-Euroodaq-19176773.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/05/16223951_0:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_a7b25c536a3362ebec1ec8a6dc495939.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Александр Хроленко
https://sputnik.kz/img/336/58/3365824_30:0:180:150_100x100_80_0_0_6bb0788869f15d4704ba2a7827427611.jpg
колумнист
Ресей екі округтің әскери дайындығын тексеріп жатыр
13:18 27.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Александр Хроленко
колумнист
РФ Қорғаныс министрлігінің жоспары және Еуропадағы күрделі әскери-саяси ахуалға байланысты Ресейдегі екі бірдей – Батыс және Оңтүстік әскери округтің дайындығын тексеру жүргізіліп жатыр
Полигонда, жорықта және ұшу кезінде әскердің арнайы дайындығы мен жауынгерлік біліктілігінің жоғары деңгейі қалыптасады. Бұл Ресей мен оның одақтастарының қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігі мен егемендігінің негізі болып отыр.
РФ Қарулы күштері Батыс және Оңтүстік әскери округтердегі әскери құрылымдар мен бөлімдер 25 қаңтарда дабыл бойынша сап түзеп, әскери полигондарға бет алды және жоспарға сәйкес әскери-оқу-жаттығу мінддеттерін орындап жатыр. Оған округке қарасты 7 мыңнан астам әскери қызметкер және жүздеген қару-жарақ, әскери және арнайы техника жұмылдырылды.
Операциялық ахуалға қарай жалпы әскери армия құрылымдары, әскери-әуе күштері және әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс бірлестіктері, Балтық және Қара теңіз флоттары, Каспий флотилиясының кеме топтары бірлесіп әрекет етіп жатыр. Ресейлік қарулы күштер мен құралдар іргелес жатқан Балтық елдері, Оңтүстік Кавказ және Украина елдерінің қауіпсіздігіне еш қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі кеңістікте 1-ші танк армиясы мен 58-ші жалпы әскери армия әрекетке көшті. Майдан алқабында "Искандер-М" жедел-тактикалық кешендері мен өздігінен жүретін "Акация" артиллериялық қондырғысы орналастырылды. Батыс әскери округі мен Оңтүстік әскери округтің қарулы күштерінің үлкен қашықтыққа жеткізгеннен кейін әскери тапсырмаларды орындау қабілеті тексеріліп жатыр. Қырым, Кубань және Ростов облысында 60-тан астам Су-27СМ, Су-30СМ2, Су-34 жойғыш және бомбалаушы ұшақтары нысанадан мейлінше алыс қашықтықта зымыран соққыларын орындауды пысықтауда.
Әскери іс-қимыл аудандарына қарай бет алған Приднестровьедегі ресейлік бітімгерлік бөлімшелер де жоспарлы іс-әрекетті орындады. Бұл бөлімшелер Батыс әскери округінің құрылымына кіретінін атап өту керек.
Балтық, Қара және Каспий теңіздерінде екі флот пен бір флотилияның кеме топтары әрекет етіп жатыр. Балтық теңізіндегі оқу-жаттығулар барысында "Мытищи", "Одинцово" мен "Зеленый Дол" шағын зымыран кемелері ықтимал жаудың әуе шабуылы қаруын бейнелейтін нысаналарға оқ жаудырды.
Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі РФ Әскери-теңіз флотының 140-тан астам кемесі, 10 мыңнан астам әскери қызметкердің қатысуымен әлемнің әр түкпірінде маневрлер топтамасын бастағанын хабарлады. Беларусь Республикасының аумағында 10-20 ақпанда өтетін "Одақтастар батылдығы – 2022" бірлескен ресейлік-беларусь оқу-жаттығуларына белсенді дайындық жалғасып жатыр. Украина бағытындағы күрделі жағдайды ескере отырып, Беларусь Республикасының Мемлекеттік шекара комитеті мемлекет шекарасын қорғау үшін резервтік күштер мен құралдарды шоғырландырды.
Батыс әскери округ пен Оңтүстік әскери округтің дайындығын тексеру 29 қаңтарға дейін жалғасады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 26 қаңтарда британ әріптесі Лиз Трасспен "өз шекарасындағы ресейлік агрессияны" талқылады. Бір күн бұрын Атлант кеңесі хабар таратқан іс-шарада "Беларусь Республикасымен бірлескен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін, яғни 20 ақпанда Ресей Федерациясының әскері, шамамен 127 000 әскер Украинаға басып кіретіні" айтылды.
Вашингтон бірнеше айдан бері Ресейдің Украинаға шабуылы туралы жалған ақпарат таратып жатыр. Олар тіпті Приднестровье жағынан РФ агрессиясын да байқағанын айтты. Алайда әскермен басып кіру Пентагон мен НАТО әдеті екенін әлем ұмытқан жоқ. Ол үшін Ауғанстан, Югославия, Ирак, Ливия, Сирияны еске алса жеткілікті.
Ресей Украинаға америкалық қару жеткізілуі мен АҚШ Әскери-теңіз күштері кемелерінің Ресей жағалауында болуын құптамайды. Мәскеу америкалықтардың русофобияны насихаттап, Вашингтонның халықаралық қарым-қатынаста екіжақты пікірді ұстану әдісіне наразы. Ресей ұжымдық Батыспен арадағы қарым-қатынасты ауқымды түрде трансформациялауға дайын. Оған барлық тараптың мүддесі тең қарастырылған өзара қауіпсіздік туралы келісімшарт қана негіз бола алады.
Вашингтон мен Брюссель әзірше Мәскеумен диалогта ымыраға келуге дайын емес. АҚШ пен НАТО ресейлік бейбіт ұсыныстарға екіұдай жауап беріп, нақты кепілдік ұсынуды созып жатыр. Пентагон Еуропаға Солтүстік Америкадан қосымша әскер жөнелтуді көздеп отыр. Оның саны сегізден елу мыңға дейінгі әскериді құрауы мүмкін. Дания Балтық теңізіне фрегат, Литваға төрт F-16 жойыш ұшағы жөнелтпек. Ал Нидерланды Болгарияға екі F-35 ұшағын жеткізуді жоспарлап отыр. Испания мен Франция Румыниядағы әскерилер санын арттыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Әйтсе де америкалықтар Мәскеудің бейбіт "ультиматумын" елемей, қауіпсіздік жөніндегі келіссөзді ұзаққа созып жүре алмайды. Ядролық держава ретінде Ресей кез келген әскери іс-қимылға дайын. Ақпанда Мәскеу "Б жоспарына" көшіп, америкалықтар мен олардың одақтастарын басқа саяси және әскери-техникалық әдіспен бейбітшілікке көнуге мәжбүрлейді.
Бұл туралы РФ СІМ басшысы Сергей Лавров еске салды. Бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласпаса да, Кремль әрекеті Ақ үй алдында бірнеше талап қояды. Мәскеудің саясаты мен стратегиясына қарсы әрекет ететін тиімді құрал әзірше Вашингтонда жоқ. Сондықтан АҚШ-тың көпполярлы әлемнің қазіргі қатаң талаптарына қарай икемделуіне тура келеді.
Әскер шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.