Әлем

Литва Украинада Еуроодақтың әскери миссиясын ұйымдастыруды ұсынды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, Брюссель "жоғары деңгейдегі әскери кадрлар"даярлау үшін ол жаққа мамандар жөнелтуді жоспарлап отырғанын нақтылады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Донбаста жағдай ушықты: өзін-өзі жариялаған Донецк Халық республикасы мен Луганск Халық республикасы атыс жиілеп, Украина қарулы күштері ауыр әскери техниканы орналастырып жатқанын хабарлады. Алайда батыстық БАҚ тек "Ресейдің басып кіруі" туралы жазып жатыр. Соған қарағанда, Киев еуропалық және америкалық одақтастарының келісімімен мәселені күшпен шешуден бас тартып отырған жоқ, деп жазды РИА Новости.
Донбаста жаңа жылдық мерекелер салыстырмалы түрде тыныш өтіп, өңірде атыс біршама басылды. Киев бұл уақытта белсенді әскери іс-қимылға аса көңіл аударған жоқ. Себебі оның бар назары Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің операциясына ауды. Оның сәтті өтуі украин билігіне едәуір әсер еткен секілді. Зеленский тіпті 11 қаңтарда деэскалация туралы келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді.
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Әлем
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Бірақ әскерилер өз бас қолбасшысын қолдауға асығар емес: дәл сол күні қайта оқ атыла бастады. Донецк облысындағы Новоласпа елді мекенінде атыс болды.
Бұл жолы адам шығыны болған жоқ. Алайда кейінірек Украина қарулы күштерінің екі сарбазы өз фугасына жарылып өлді. Донбасс көптен бері Киевті жергілікті аймақты миналады және қаскүнемдік жасады деп айыптап келеді. ЛХР осы мақсатта қаңтарда Луганск облысына "Батыс" арнайы мақсаттағы орталығының жауынгерлерін жөнелткенін мәлімдеді.
ДХР 131-ші барлау батальонының снайперлік жұбы пайда болғаны туралы хабарлады. Киев ұзаққа созылған соғыс ұстанымы аясында оқ ату арқылы қарсыласының мазасын алып, шиеленіс ошақтарын арттыруды көздеп отырған сыңайлы, деп жазды басылым.
Артиллериялық қарудан оқ ату да жиілеген: өткен аптада қос республикада ірі калибрлі қондырғыдан кемінде 20 рет оқ атылыпты.
Сонымен қатар Украина қарулы күштері майдан шебіне ауыр техниканы тартып жатыр. ДХР Халық милициясының барлау қызметі Андреевка тұрғын үй орамдарына жақын маңнан 9К33 "Оса" зениттік зымыран кешенін, Мангуш ауданынан БМ-21 "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесін, сондай-ақ Володарскке жақын жерден өздігінен жүретін 152 миллиметрлі үш 2С3 "Акация" гаубицасын анықтады. Осының барлығын ЕҚЫҰ бақылаушыларының назарынан жасыруға тырысып жатыр: еуропалық барлаушы дрондар радиоэлектронды қауіпсіздік құралдарының көмегімен істен шығарылып, оларға тіпті жерден оқ атылып жатыр.
Осылайша украин билігі Ресей мен Батыс келіссөзі аясында өзіне назар аударуды көздеп отырған секілді. Бірақ олар жайлы ешкім ұмыта қойған жоқ. Литва қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас ЕО бойынша әріптестерімен бейресми кездесу барысында Украинада Еуроодақтың әскери миссиясын ұйымдастыруды ұсынды. Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррель бұл ұсынысқа қолдау білдіріп, Брюссель "жоғары деңгейдегі әскери кадрлар"даярлау үшін ол жаққа мамандар жөнелтуді жоспарлап отырғанын нақтылады.
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Әлем
НАТО Ресейді "геосаяси экспансия жүргізіп жатыр" деп айыптады
"Еуроодақ украиндерге не үйретпек? – деп сауал қойды әскери сарапшы Юрий Котенок. – НАТО шабуылдарына ма? Бірақ америкалықтар, британдар, канадалықтар Яворов және басқа полигондарда бұл іспен жеті жылдан бері айналысып жатыр. Очаков пен Николаевте жаңа әскери базалар салынып жатыр. Бұндай мәлімдемелер Батыс Украинаны Ресейді тежеуге арналған плацдарм ретінде қарастыратынын кезекті рет дәлелдеп тұр".
Америкалықтар да Украина Қарулы күштерін күшейтуді одан әрі жалғастыратын түрі бар. БАҚ америкалық барлау және ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы бес қызметкеріне сілтеме жасап, Орталық барлау қызметі АҚШ-та арнайы операция бойынша украин элита күштерін қарқынды даярлау жөніндегі құпия бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын жазды. Курсанттар бірнеше апта бойы атыс қаруын қолдануды, жасырыну әдістерін, түрлі тактика мен барлау жүргізуді үйренеді.
Ал АҚШ пен ЕО Кремль агрессиясы туралы айтуын тоқтатқан жоқ. Америкадағы The New York Times газеті күні кеше ақпанда Ресейдің шабуыл жасау жоспары туралы жазды. Бұған дейін батыстағы БАҚ бұл жоспар желтоқсанда, кейіннен қаңтардың соңында жүзеге асады деп хабарлады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің айтуынша, Вашингтонның қолында Мәскеудің арандату әрекеттерін дайындағанын дәлелдейтін айғақ бар көрінеді.
Ал Кремль ешқандай шабуылға ниеті жоқ екенін бірнеше рет ашық айтты. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков CNN арнасына берген сұхбатында Украина шекарасындағы әскер Ресей қауіпсіздігін қамтамасыз ету және АҚШ пен НАТО-ның әскери іс-қимылына жауап беру үшін ғана тұрғанын мәлімдеді.
РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей ешқашан бұқара алдында немесе жабық режимде украиндерге қысым көрсеткен емес.
"Ал Зеленский мырза мен оның одақтастары мұны ашық істеп отыр. АҚШ-тың бұл билікті қарумен қатамасыз етуі Украинаның шығысындағы мәселені күшпен шешуге итермелеп отырғанын біз жақсы түсінеміз. Ал біз үшін бұл белгілі себептер бойынша дұрыс емес шара болады", - деді сыртқы саяси ведомство басшысы.
Ресей өз шекарасындағы Азов теңізінде НАТО инфрақұрылымы мен базаларын орналастырумен келіспейді. Көрші елдегі соққы жасаушы техника кезекті қызыл сызық ретінде бағаланады. Лавров батыстағы әріптестеріне 1999 жылы Ыстамбұлда қабылданған Еуропа қауіпсіздігі туралы хартияны ұмытпауды ескертті.
"Батыстың қазіргі мәлімдемелері мен іс-әрекеті – өрескел құқық бұзушылық ", - деді Лавров.
Бұл Хартияны Ресей мен АҚШ-ты қоса алғанда 54 мемлекет қабылдады. Бірақ Еуропадағы НАТО рөлі құжатта мүлде жазылмаған.
Жаңалықтар
0