Әлем

Женевадағы кездесу: Блинкен мен Лавров нені талқылады

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров (справа) и государственный секретарь США Энтони Блинкен во время встречи на полях Арктического совета в Рейкьявике.
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров (справа) и государственный секретарь США Энтони Блинкен во время встречи на полях Арктического совета в Рейкьявике.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.01.2022
Жазылу
Бір жарым сағатқа созылған келіссөзден кейін Лавров пен Блинкен баспасөз конференциясын өткізіп, талқыланған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Женевада Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен арасында келіссөз өтті. Олар негізінен қауіпсіздік кепілдіктері мәселелерін талқылады, деп жазды РИА Новости.
Бір жарым сағатқа созылған келіссөзден кейін Лавров пен Блинкен жеке баспасөз конференциясын өткізіп, талқыланған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.
Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Энтони Блинкенмен кездесу барысында америкалық тарап альянс таңдауының еркіндігі туралы кейбір дәйектердің қайталанғанын айтты. Лавров альянс, әскери одақ таңдауының еркіндігі бір мемлекеттің қауіпсіздігін екінші мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ауқымда кеңейтуге тыйым салатын құжаттар бар екенін және ол құжаттар Блинкен мен оның әріптестерінің назарына ұсынылғанын айтты.
Сонымен қатар Лавров америкалық делегация басшысы Блинкен келесі аптада Ресейдің қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі ұсыныстарына жазбаша жауап беруге уәде еткенін мәлімдеді.
"Біздің кездесуіміз аралық сипатта болды. Энтони Блинкен пікір алмасу нәтижесіне көңілі толатынын айтып, ол нәтиже алдағы аптада жазбаша түрде жауап ұсынуға үлкен септігін тигізетінін бірнеше рет атап өтті. Сондай-ақ бүгін біз Украина жайын да талқыладық. Америкалық тарап Украина шекарасындағы Ресей әскеріне баса назар аударуға тырысқанымен, ақырында келесі аптада жазбаша жауапта барлығын қамтитынын айтты", - деді Лавров баспасөз конференциясы кезінде.
Сонымен қатар Лавров Блинкенмен келіссөз барысында Ресей ешқашан Украинаға қысым көрсетпегенін кезекті рет баса атап өтті.
"Біз Этнони Блинкен екеуміз екі мемлекет арасындағы байланыс туралы ашық сөйлестік. Ол диалогты сындарлы және ақылға қонымды сипатта жүргізу қажеттілігімен келісті. Сондықтан америкалықтар осы бағыттағы жұмысты арттырады деп үміттенемін", - деген Лавров әйтсе де бұған ешқандай кепілдік жоқ екенін жасырмады.
Сонымен қатар Лавров осы кездесу себеп болған негізгі мәселені де айтты. Ресейлік шенеунік НАТО-ны шығысқа қарай кеңейуді доғару туралы талабын тағы қайталады.
"НАТО-ны шығысқа қарай үздіксіз кеңейтуді доғару қажеттілігі туралы өз талабымызды кездесу кезінде қайта еске салдық. Америкалық тарап алдағы аптада ұсынатын ресейлік қауіпсіздік кепілдіктерінің жобасына қатысты жазбаша жауаптарында Украина мәселесін міндетті түрде көтеретініне сенімдімін. Украинадағы жағдай баса назар аударуды қажет ететінімен келісемін. Бірақ бүкіл Еуропадағы қауіпсіздік бір Украинаға тіреліп тұрған сыңай танытудың қажеті жоқ", - деді Лавров баспасөз конференциясы кезінде.
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Әлем
Ресей Қазақстанды Одақтас мемлекетке мүшелікке шақырмайды – Лавров
Лавров еуропалық әріптестерін Киевті Минск келісімінің талаптарын орындауға көндіруге шақырды.
"Бүгін біздің қабылдауымызда Германия сыртқы істер министрі болған кезде және француз әріптестерімізбен байланыс кезінде Киевтің режиміне қолдау көрсетуді доғарып, оны Минск келісімінің талаптарын орындауға мәжбүрлеуге шақырдық. Бұл құр уәде емес, бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мақұлдаған талаптар", - деді Лавров Блинкенмен кездесуден кейінгі баспасөз конференциясы кезінде.
Лавров ресейлік ұсынысқа жазбаша жауап жолданғаннан кейін сыртқы істер минситрлері деңгейінде кезекті кездесу өтетінін, бірақ мұны талқылауға әлі ерте екенін айтты. Жалпы ресейлік шенеунік АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен өткен Женевадағы келіссөзді ашық әрі пайдалы деп бағалады.
Они Блинкен өз кезегінде баспасөз конференциясы кезінде АҚШ және оның одақтастары Ресеймен диалог жүргізуге оң көзқарас танытып отырғанын атап өтті. Бірақ Блинкен Ресей Украинаға агрессия қысым көрсетуді тоқтатпаса, онда Америка мен оның одақтастары орыстарға ұйымдасқан жауап беруге дайын екенін жеткізді. Алайда Блинкен АҚШ Ресеймен арадағы мәселелерді бейбіт жолмен шешуді көздейтінін айтты.
"Әрине, арадағы келіспеушілік бүгін, тап осы жерде шешімін таппайтыны анық. Бірақ диалог пен дипломатияның ашықтығына көз жеткізе аламыз. Жалпы біз қос тарап арасындағы келіспеушіліктер мен проблемаларды бейбіт жолмен шешуді қолдаймыз", - деді Блинкен.
Сонымен қатар баспасөз конференцясы кезінде Энтони Блинкен НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеуі туралы міндетті орындауға қатысты көзқарасын түсіндіруге уәде еткені белгілі болды.
"Арадағы шиеленісті бәсеңдетіп, қауіпсіздікті күшейтетін бірнеше идеямен бөлістім. Өзара тиімділікке бағытталған ұстанымға қолжеткізе аламыз деп сенемін. Ресей бейбітшілік пен қауіпсіздікке апаратын диалог жолын немесе үлкен салдар, қақтығыс пен халықаралық сынға қалдыратын жолды таңдау алдында тұр", - деді Блинкен.
Америкалық шенеунік қазір АҚШ пен Ресей бірін-бірі түсінудің, бір-бірінің алаңдаушылығына көңіл аударатын дұрыс жолға бет бұрғанын атап өтті. Әйтсе де Блинкен АҚШ Украинаға қолдау көрсете беретінін жеткізді.
НАТО белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Әлем
НАТО Ауғанстаннан кейін күшін Азияға шоғырландыруды көздейді - Лавров
"Мен Украинамен берік бірге екенімізді және оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынымыз туралы АҚШ және Еуропадағы одақтастар мен серіктестеріміздің ұстанымын жеткіздім. Егер Ресей әскері Украина шекарасын кесіп өтсе, бұл басқыншылық болып саналады және Америка мен оның одақтастары жылдам, қатал және біртұтас жауап қайтаратынын нақты әрі ашық айттым", - деді Блинкен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ ол Лавровқа Ресей өзінің агрессиясыз ұстанымын әлемге дәлелдегісі келсе, Украина шекарасындағы өз әскерін алып кетуі қажет екенін ескерткенін атап өтті. Бірақ АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің қауіпсіздік саласындағы алаңдатып отырған мәселелерді шешу бойынша бірігіп жұмыс атқаруға дайын. Блинкен Америка Ресейдің ұсыныстарына қашан жауап беретінін де атап өтті.
"Біз алдағы аптада Ресейдің қауіпсіздік кепілдіктері туралы ұсыныстарына жазбаша түрде жауап беруді жоспарлап отырмыз. Құжатта өз тарапымыздан алаңдаушылық тудырып отырған мәселелерді де қамтимыз", - деді Блинкен.
Ол Женевадағы келіссөзден кейін Вашингтонда АҚШ президенті Байденмен консультация жүргізуге уәде етті. Жалпы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Лавровпен келіссөзді ашық және субстантивті деп бағалады.
Жаңалықтар
0