Әлем

НАТО Ауғанстаннан кейін күшін Азияға шоғырландыруды көздейді - Лавров

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО белгісі
НАТО белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Оның сөзінше асығыс жасалған эвакуация ауғандық қарама-қайшылық мәселесін одан бетер ушықтырып жіберді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. НАТО Ауғанстаннан кеткеннен кейін өз күшін Азияға шоғырландыру мен аймаққа босқындар легін жіберуді көздейді, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

"Өкінішке орай аймақтағы геосаяси жағдай тұрақталған жоқ. Бұл интеграция мен сан қырлы кооперацияны камтитын үйлестіру жүйесіне өтуге кедергі болып отыр. Біз жағдайды ушықтыру мен мемлекетаралық ынтымақтастықтың механизмін шайқалтуға тырысқан әрекеттерді байқап отырмыз. Оған логикада "суық соғыс" және ұстамдылық саясатын қалыптастыруғы тырысқан эксклюзивті құрамды аз форматтағы құрылымдар, әскери блоктар өз үлесін қосып жатыр", - деді ол Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесте.

Ол осы ретте Солтүстік атлантикалық альянстың Ауғанстаннан кейін өз күшін Орталық, Оңтүстік немесе Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты өзге өңірлерге шоғырландыруға тырысатынын атап өтті. Және осы аймақтарға ауғандық босқындар легін бағыттауды көздейді, дейді Лавров.

"Альянс НАТО-ның  жиырма жылдық эксперименті үшін жауапкершілік мәселесінен сырт айналып отыр. Халықаралық қауымдастық бұл мәселені шешуді қолға алуы керек, бірінші кезекте Ауғанстан көршілері", - деді ол.

Оның сөзінше асығыс жасалған эвакуация ауғандық қарама-қайшылық мәселесін одан бетер ушықтырып жіберді.

"Елде көп қару мен әскери техника қалды. Оның деструктивті мақсатта қолданылмауы маңызды. Тәлібтер көрші мемлекеттердегі тұрақтылыққа нұқсан келтірмейтінін, ескірткі трафигі және терроризммен күресетіндігін, инклюзивті үкімет құратынын мәлімдеді. Бұл уәденің орындалуы да маңызды", - деді Лавров.

Ол әлемде тұрақсыздықтың белең алған шағында аймақтағы жағдайдың деградация жолымен кетуіне жол бермеу керек екенін айтты.

"Бізге аймақтық архитектура жан-жақты құрылым мен мемлекеттердің ынтымақтастығы үшін ашық болғанын қалаймыз. Барлығына халықаралық құқық аясында тең қарау мен өзара сенімді, ұлттық құндылықтарды сыйлағаны керек. Бірлесіп әрекет ету арқылы біз Еуразиялық континентте ынтымақтастық пен өзара байланысты қамтамасыз ете аламыз", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар аймақаралық интеграциялау процестері арқылы жүзеге асырыла бастады. 

Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес

Айта кетері, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 5 саммитіне қатысты. Сол жиында Ғұламалар кеңесін құру мәселесін жан-жақты зерттеу маңызды екенін айтты.

"Тұрақты жұмыс істейтін диалогты платформаны қайта құру арқылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің талдау орталықтарының әлеуетін арттырған жөн. Кеңестің жұмыс органдарына арналған ұсыныстарды жандандыруға мүмкіндік беретін Ғұламалар кеңесін құру мәселесін уақытылы әрі жан-жақты зерттеу керек деп есептейміз", – деді Қазақстан президенті.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда өткен БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Кеңес Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0