04:35 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Саясат
Қысқа сілтеме алу
846101

Елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр

АЛМАТЫ, 12 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес жанындағы ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына ұсынды.

12 қазанда астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, сейсенбіде елдер кеңес жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ғұламалар кеңесі туралы ережені қабылдауға тиіс.

"Мүше мемлекеттер ғұламалар кеңесін құруды қолдады және үміткерлерді ұсына бастады. Бүгін біз ғұламалар кеңесі туралы ереже бекітеміз. Таңертең бізбен кездесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ғұламалар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынды, сіздер бұл кандидатураны бекітесіздер деп үміттенемін", - деді Рахметуллин кездесуге қатысушыларға.

Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес

Айта кетері, 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 5 саммитіне қатысты. Сол жиында Ғұламалар кеңесін құру мәселесін жан-жақты зерттеу маңызды екенін айтты.

"Тұрақты жұмыс істейтін диалогты платформаны қайта құру арқылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің талдау орталықтарының әлеуетін арттырған жөн. Кеңестің жұмыс органдарына арналған ұсыныстарды жандандыруға мүмкіндік беретін Ғұламалар кеңесін құру мәселесін уақытылы әрі жан-жақты зерттеу керек деп есептейміз", – деді Қазақстан президенті.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда өткен БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынды. Кеңес Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Тақырып бойынша

Қытай елшісі Назарбаевқа: шешіміңізді жоғары бағалаймыз
"Кенесарының сүйегін қайтаруға көмектесемін": Путин Назарбаевқа уәде берді 
Назарбаевтың Михаил Горбачевке жазған хаты жарияланды
Әлеуметтік желіде Назарбаевтың өзгеше суреті жарияланды
Назарбаевтың кенже қызы алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаев, лауазым
Загрузка...

Басты тақырып