Қоғам

Вице-премьер Pfizer вакцинасы неге ақылы түрде егілмейтінін түсіндірді

© AFP 2024 / TED ALJIBEИспользованные флаконы вакцины BioNtech Pfizer Covid-19, архивное фото
Использованные флаконы вакцины BioNtech Pfizer Covid-19, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Препаратты өндіруші компания оны ақылы түрде егуге қарсы, деп атап өтті Ералы Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдыра алмайды. Мұның себебін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, препаратты өндіруші компания оны ақылы түрде егуге қарсы.
"Бұл Pfizer компаниясының позициясы. Олар вакцинаны ақылы негізде қолданбау туралы шешім қабылдады. Бастапқыда Pfizer-мен халықтың әлжуаз тобы үшін уағдаластық жасалды", - деді Тоғжанов брифингте.
Вице-премьер қазақстандықтарға қолда бар вакциналарды салдыруға кеңес берді.
"QazVac та, "Спутник V" де тиімділігі жағынан басқаларынан кем емес. Sinopharm ДДСҰ-да мойындалған, соны егіп, шетелге шығуға болады", - деді ол.
Тоғжанов үкімет қосымша Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасына тапсырыс жасайтынын мәлімдеді.
Айта кетері, Pfizer вакцинасы бүгінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі жастарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі. Бұған қоса, жуырда 60 жастан асқан егде азаматтарға да осы препаратты егу мүмкіндігі берілді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0