https://sputnik.kz/20220118/bas-khatshy-pandemiya-19163177.html
БҰҰ бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды
БҰҰ бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Ол фармацевтикалық компаниялар дамушы елдерге көмектесу үшін ниеттестік танытуы керек екенін атап өтті 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T09:25+0500
2022-01-18T09:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
бұұ
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/08/12/17892147_0:10:2755:1559_1920x0_80_0_0_2be8bc714cc40f802b7147b97034e45d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде келесі пандемияға дайындық аясында мониторингті күшейтуге және жедел әрекет ету шараларын әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды RT агенттігі."Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін арттыра отырып, әрбір елде мониторингке, вирусты ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салу арқылы келесі пандемияға дайындалуымыз керек", - деді. Гутерреш сонымен қатар COVID-19 пандемиясымен әділ және тең дәрежеде күресу қажеттігін атап өтті.Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы 2022 жылдың ортасына қарай әлем халқының 70%-ін коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарына әлі жақындамағанын айтқан болатын.Ол фармацевтикалық компаниялар ниеттестік танытып, дамушы елдермен лицензиялар, ноу-хау және технологиялармен бөлісуі керек екенін атап өтті. Бас хатшы осы жағдайда пандемиямен күресу мүмкін болатынын ескертті.Оның айтуынша, табысы төммен мемлекеттердің жағдайы мүшкіл болып отыр."Олар экономиканың ең баяу өсіміне тап келді және өздерінің шағын ұлттық бюджетімен еңсені көтеруге барынша тырысып жатыр. Инфляцияның рекордтық көрсеткіші, фискалды кеңістіктің тарылуы, жоғары проценттік мөлшерлемелер және энергия тасымалдағыштар мен азық-түлік бағасының шарықтауы әлемнің кез келген бұрышына әсер етіп, қалпына келтіру процесіне кедергі жасап отыр. Бұл әсіресе табысы төмен және орташа мемлекеттерде қатты бақалады", - деді БҰҰ бас хатшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/12/17892147_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_d4f8103dee30819ad12ab0664c739cb1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, коронавирус
БҰҰ бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды
09:25 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ол фармацевтикалық компаниялар дамушы елдерге көмектесу үшін ниеттестік танытуы керек екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форум кезінде келесі пандемияға дайындық аясында мониторингті күшейтуге және жедел әрекет ету шараларын әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды RT агенттігі.
"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін арттыра отырып, әрбір елде мониторингке, вирусты ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салу арқылы келесі пандемияға дайындалуымыз керек", - деді.
Гутерреш сонымен қатар COVID-19 пандемиясымен әділ және тең дәрежеде күресу қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы 2022 жылдың ортасына қарай әлем халқының 70%-ін коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарына әлі жақындамағанын айтқан болатын.
Ол фармацевтикалық компаниялар ниеттестік танытып, дамушы елдермен лицензиялар, ноу-хау және технологиялармен бөлісуі керек екенін атап өтті. Бас хатшы осы жағдайда пандемиямен күресу мүмкін болатынын ескертті.
Оның айтуынша, табысы төммен мемлекеттердің жағдайы мүшкіл болып отыр.
"Олар экономиканың ең баяу өсіміне тап келді және өздерінің шағын ұлттық бюджетімен еңсені көтеруге барынша тырысып жатыр. Инфляцияның рекордтық көрсеткіші, фискалды кеңістіктің тарылуы, жоғары проценттік мөлшерлемелер және энергия тасымалдағыштар мен азық-түлік бағасының шарықтауы әлемнің кез келген бұрышына әсер етіп, қалпына келтіру процесіне кедергі жасап отыр. Бұл әсіресе табысы төмен және орташа мемлекеттерде қатты бақалады", - деді БҰҰ бас хатшысы.