Әлем

БҰҰ бас хатшысы келесі пандемияға дайындалуға шақырды

© REUTERS / Carlo AllegriЛоготип Организации Объединенных наций
Логотип Организации Объединенных наций - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Ол фармацевтикалық компаниялар дамушы елдерге көмектесу үшін ниеттестік танытуы керек екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Дүниежүзілік экономикалық форум  кезінде келесі пандемияға дайындық аясында мониторингті күшейтуге және жедел әрекет ету шараларын әзірлеуге шақырды, деп хабарлайды RT агенттігі.
"Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының беделін арттыра отырып, әрбір елде мониторингке, вирусты ерте анықтауға және жедел әрекет ету жоспарларына инвестиция салу арқылы келесі пандемияға дайындалуымыз керек", - деді. 
Гутерреш сонымен қатар COVID-19 пандемиясымен әділ және тең дәрежеде күресу қажеттігін атап өтті.
Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы 2022 жылдың ортасына қарай әлем халқының 70%-ін коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарына әлі жақындамағанын айтқан болатын.
Ол фармацевтикалық компаниялар ниеттестік танытып, дамушы елдермен лицензиялар, ноу-хау және технологиялармен бөлісуі керек екенін атап өтті. Бас хатшы осы жағдайда пандемиямен күресу мүмкін болатынын ескертті.
Оның айтуынша, табысы төммен мемлекеттердің жағдайы мүшкіл болып отыр.
"Олар экономиканың ең баяу өсіміне тап келді және өздерінің шағын ұлттық бюджетімен еңсені көтеруге барынша тырысып жатыр. Инфляцияның рекордтық көрсеткіші, фискалды кеңістіктің тарылуы, жоғары проценттік мөлшерлемелер және энергия тасымалдағыштар мен азық-түлік бағасының шарықтауы әлемнің кез келген бұрышына әсер етіп, қалпына келтіру процесіне кедергі жасап отыр. Бұл әсіресе табысы төмен және орташа мемлекеттерде қатты бақалады", - деді БҰҰ бас хатшысы.
Жаңалықтар
0