https://sputnik.kz/20220118/Smayylov-monitoring-top-19162944.html
Смайылов мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды
Смайылов мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Смайылов денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ауруханаларда қосымша төсек-орын дайындауды тапсырды 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T09:01+0500
2022-01-18T09:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
әлихан смайылов
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112968_0:0:3622:2048_1920x0_80_0_0_0cbee1ad10bcfb77b94cd8f763f979af.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов індеттің өршуіне байланысты мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Премьердің мәліметінше, жыл басынан бері елде індетті жұқтыру деңгейі 21 есеге өскен. Тәулігіне вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында, Қарағанды мен Атырау облыстарында тіркеліп отыр."Біз мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдады, олар нақты орындалуға тиіс", - деді Смайылов үкімет отырысында.Ол бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алу шараларын бұлжытпай сақтауға шақырды.Сонымен қатар, Смайылов денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ауруханаларда қосымша төсек-орын дайындауды тапсырды.Бұдан бөлек, ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет екенін мәлімдеді. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында."Елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакцинация қарқыны жақсарған жоқ. Демек, бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр",- деген Смайылов аталған өңірлер бұл жұмысты тездетуді тапсырды.Оқи отырыңыз: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 20 есе өсті – министр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112968_61:0:3319:2048_1920x0_80_0_0_29062199ad50a695fc7d6aaec03b3154.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, коронавирус
әлихан смайылов, коронавирус
Смайылов мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды
09:01 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Смайылов денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ауруханаларда қосымша төсек-орын дайындауды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов індеттің өршуіне байланысты мониторинг топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьердің мәліметінше, жыл басынан бері елде індетті жұқтыру деңгейі 21 есеге өскен. Тәулігіне вирустың ең көп таралу жағдайы елордада, Алматы қаласында, Қарағанды мен Атырау облыстарында тіркеліп отыр.
"Біз мұндай жағдайдың боларын болжадық, ең бастысы, барлық өңірде эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстау қажет. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлерде қосымша шектеу шараларын қабылдады, олар нақты орындалуға тиіс", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ол бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты алдын алу шараларын бұлжытпай сақтауға шақырды.
"Санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қараудың соңы аурудың соғұрлым өсуіне әкеп соғатынын адамдар түсінуі қажет. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмыс қарқынын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін науқастарды дер кезінде оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол берілмеуге тиіс", - деді премьер.
Сонымен қатар, Смайылов денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге ауруханаларда қосымша төсек-орын дайындауды тапсырды.
Бұдан бөлек, ПТР-тестілеу деңгейі төмен өңірлерде олардың санын ұлғайту қажет екенін мәлімдеді. Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында.
"Елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ревакцинация қарқыны жақсарған жоқ. Демек, бұл мәселеге әкімдер дұрыс қарамай отыр",- деген Смайылов аталған өңірлер бұл жұмысты тездетуді тапсырды.