https://sputnik.kz/20220112/Almatyda-mayit-tabyldy-19127490.html
Алматыда бүлік кезінде із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Алматыда бүлік кезінде із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Ер адамның туыстары Sputnik Қазақстан тілшісіне оны атып кеткенін айтты 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T15:20+0500
2022-01-12T15:20+0500
2022-05-23T16:11+0500
қаңтар оқиғасы
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19077281_0:366:2886:1989_1920x0_80_0_0_678cf3cad9d656a420bed66dad9afa02.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Алматыда 1972 жылы туған Ерлан Жағыпаров із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ол өлі табылды. Бұл қайғылы жағдайды ер адамның туыстары растады.Жағыпаровтың туыстары хабарлағандай, ол 6 қаңтарда шамамен сағат 18:40-18:50 кезінде Сәтпаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында жоғалып кеткен. Сәрсенбі, 12 қаңтарда оның көз жұмғаны туралы суыт хабар келген.Қайтыс болған ер адамның туыстары оны атып кеткенін айтты.Еске сала кетейік, дәл сол уақытта және сол ауданда 6 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын да өлтіріп кетті. Оқу орнының мәліметінше, сол күні комендант сағаты басталғанға дейін сағат 18:35 шамасында Елнар өз көлігімен Назарбаев көшесі арқылы үйіне қайтып келе жатқан. Ол Сәтпаев көшесіне жетпей жол қиылысында тоқтағанда, белгісіз біреулер оның көлігіне оқ жаудырған. Жігіт оқиға орнында көз жұмды.Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19077281_157:0:2886:2047_1920x0_80_0_0_c5339c609b04b9e48f2967586011223a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматыда бүлік кезінде із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды
15:20 12.01.2022 (жаңартылды: 16:11 23.05.2022) Ер адамның туыстары Sputnik Қазақстан тілшісіне оны атып кеткенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Алматыда 1972 жылы туған Ерлан Жағыпаров із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Ол өлі табылды. Бұл қайғылы жағдайды ер адамның туыстары растады.
Жағыпаровтың туыстары хабарлағандай, ол 6 қаңтарда шамамен сағат 18:40-18:50 кезінде Сәтпаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында жоғалып кеткен. Сәрсенбі, 12 қаңтарда оның көз жұмғаны туралы суыт хабар келген.
Қайтыс болған ер адамның туыстары оны атып кеткенін айтты.
Еске сала кетейік, дәл сол уақытта және сол ауданда 6 қаңтарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын да
өлтіріп кетті. Оқу орнының мәліметінше, сол күні комендант сағаты басталғанға дейін сағат 18:35 шамасында Елнар өз көлігімен Назарбаев көшесі арқылы үйіне қайтып келе жатқан. Ол Сәтпаев көшесіне жетпей жол қиылысында тоқтағанда, белгісіз біреулер оның көлігіне оқ жаудырған. Жігіт оқиға орнында көз жұмды.