Оқиға

Алматыда ҚазҰУ ректорының ұлы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуЦветы и свечи, архивное фото
Цветы и свечи, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза болды.
Алматы қаласында 6 қаңтар кешке шамамен сағат 18:35 шамасында комендант сағаты басталғанға дейін Елнар көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысының кеңесшісі, Қазақстанның Ресейдегі және Түркиядағы елшісі болды. Білім және ғылым министрлігін басқарды. Былтыр президент өкімімен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Елнар Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлы болған. Одан бөлек, Елдана есімді қызы бар.
 
Жаңалықтар
0