https://sputnik.kz/20220111/almaty-universitet-rektor-19109865.html
Алматыда ҚазҰУ ректорының ұлы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды
Алматыда ҚазҰУ ректорының ұлы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды
Sputnik Қазақстан
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T09:56+0500
2022-01-11T09:56+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
алматы
ұл
терроризмге қарсы арнайы операция
https://sputnik.kz/img/432/83/4328382_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_edc6eb7153d3cff27e6038b758ee67cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза болды.Алматы қаласында 6 қаңтар кешке шамамен сағат 18:35 шамасында комендант сағаты басталғанға дейін Елнар көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысының кеңесшісі, Қазақстанның Ресейдегі және Түркиядағы елшісі болды. Білім және ғылым министрлігін басқарды. Былтыр президент өкімімен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.Елнар Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлы болған. Одан бөлек, Елдана есімді қызы бар.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/432/83/4328382_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_92a51bc9384a7f7109966fd046bf4f74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ұл, терроризмге қарсы арнайы операция
алматы, ұл, терроризмге қарсы арнайы операция
Алматыда ҚазҰУ ректорының ұлы тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды
09:56 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қаза болды.
Алматы қаласында 6 қаңтар кешке шамамен сағат 18:35 шамасында комендант сағаты басталғанға дейін Елнар көлігімен үйіне қайтып бара жатқан. Назарбаев көшесімен жоғары қарай жүріп келе жатқанда Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыста тоқтаған. Осы уақытта белгісіз біреулер кенеттен оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір құзыретті органдар қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысының кеңесшісі, Қазақстанның Ресейдегі және Түркиядағы елшісі болды. Білім және ғылым министрлігін басқарды. Былтыр президент өкімімен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақ ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Елнар Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлы болған. Одан бөлек, Елдана есімді қызы бар.