https://sputnik.kz/20220112/Almaty-oblysynday-3-adam-qaza-boldy-19127112.html
Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео
Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео
Sputnik Қазақстан
Жерлеу рәсімінде түсірілген видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды. Болған оқиға туралы ешқандай ресми ақпарат жоқ 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T14:59+0500
2022-01-12T14:59+0500
2022-05-23T15:47+0500
оқиға
қаңтар оқиғасы
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e4/07/18/14565068_246:0:3887:2048_1920x0_80_0_0_020ed5c6f75ae58f984d11a488d1e52d.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасының үш бірдей адамы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Әлеуметтік желіде марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі кезінде түсірілген видео жарияланды.Аулада әйелдер жоқтау айтып, жылап тұр.Әлеуметтік желіні қолданушылар жақындарына көңіл айтып, үш адамның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр."Бандиттердің қолынан қаза тапқан ба? Әлде күш құрылымдарының оғы тиді ме?", - деп жазды біреу."Жылаған аналардың көз жасы кінәлілердің артынан қалмасын. Не дейміз. Иманды болсын! ", - дейді басқалар.Әзірше бір үйдің үш адамы қалай қайтыс болғаны белгісіз. Ресми органдар ақпарат таратпай отыр. Алматы облысында контртеррористік операция аяқталған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/18/14565068_723:0:3454:2048_1920x0_80_0_0_b3b76a62e1e0174127dfcff731bb7881.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәртіпсіздік
Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео
14:59 12.01.2022 (жаңартылды: 15:47 23.05.2022) Жерлеу рәсімінде түсірілген видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды. Болған оқиға туралы ешқандай ресми ақпарат жоқ
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасының үш бірдей адамы қаза тапты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі кезінде түсірілген видео жарияланды.
"Міне, бүгін соңғы сапарға шығарып салдық. Қызы, әйелі, өзі кетіп бара жатыр...Бір үйдің шаңырағын ортасына түсірді... Әкесі, артынан қызы мен оның шешесі кетіп бара жатыр. Мәшинеге де сыймайды ғой", - дейді видео авторы.
Аулада әйелдер жоқтау айтып, жылап тұр.
Әлеуметтік желіні қолданушылар жақындарына көңіл айтып, үш адамның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр.
"Бандиттердің қолынан қаза тапқан ба? Әлде күш құрылымдарының оғы тиді ме?", - деп жазды біреу.
"Жылаған аналардың көз жасы кінәлілердің артынан қалмасын. Не дейміз. Иманды болсын! ", - дейді басқалар.
Әзірше бір үйдің үш адамы қалай қайтыс болғаны белгісіз. Ресми органдар ақпарат таратпай отыр. Алматы облысында контртеррористік операция аяқталған жоқ.