Оқиға

Алматы облысындағы тәртіпсіздіктер кезінде бір үйден үш адам қаза болды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневМусульманское кладбище
Мусульманское кладбище - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Жерлеу рәсімінде түсірілген видео жергілікті пабликтердің бірінде жарияланды. Болған оқиға туралы ешқандай ресми ақпарат жоқ
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 қаңтар – Sputnik. Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бір отбасының үш бірдей адамы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СЕРДИТЫЙ ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@angry_taldyk)

Әлеуметтік желіде марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі кезінде түсірілген видео жарияланды.
"Міне, бүгін соңғы сапарға шығарып салдық. Қызы, әйелі, өзі кетіп бара жатыр...Бір үйдің шаңырағын ортасына түсірді... Әкесі, артынан қызы мен оның шешесі кетіп бара жатыр. Мәшинеге де сыймайды ғой", - дейді видео авторы.
Аулада әйелдер жоқтау айтып, жылап тұр.
Әлеуметтік желіні қолданушылар жақындарына көңіл айтып, үш адамның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр.
"Бандиттердің қолынан қаза тапқан ба? Әлде күш құрылымдарының оғы тиді ме?", - деп жазды біреу.
"Жылаған аналардың көз жасы кінәлілердің артынан қалмасын. Не дейміз. Иманды болсын! ", - дейді басқалар.
Әзірше бір үйдің үш адамы қалай қайтыс болғаны белгісіз. Ресми органдар ақпарат таратпай отыр. Алматы облысында контртеррористік операция аяқталған жоқ.
Жаңалықтар
0