Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында жантүршігерлік жол апаты болды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Жеңіл көлікті жүргізіп келе жатқан әйел оқиға орнында көз жұмды. Оның көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болып, жүргізуші әйел көз жұмды.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 29 желтоқсан күні сағат 09:42-де болған.
"Toyota Yaris автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан –Қарағанды ​​тасжолымен келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Iveco Crossway бағдардағы автобусымен соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Жол апаты салдарынан Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0