Оқиға

Алматы-Қорғас тас жолында 17 көлік соқтығысты – видео

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуТуман на дороге, архивное фото
Туман на дороге, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы-Қорғас тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)

"25 желтоқсанда сағат 10.00 шамасында Алматы-Қорғас жолының 134 шақырымында қою туман кесірінен 17 көлік соқтығысты", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
Жол апатынан бес адам зардап шекті. Олар Шелек ауылының ауруханасына жеткізілді. 
Апат орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр. Жолдың 84-136 шақырымының арасы жабық. Куәгерлердің айтуынша, жол қатты көктайғақ. 
Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар қызметі күн райының бұзылуына байланысты дабылды ескертулер туралы хабарлаған болатын. 
Сондай-ақ таңертең ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы облысында Үшарал-Достық тас жолы жабылды.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0