Елорда тынысы

Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобили на дороге Нур-Султана
Автомобили на дороге Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Полицейлер жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ауа райының бұзылуына байланысты бір күнде 93 жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соған байланысты полиция көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болып, түрлі гаджет пен ұялы телефонға алаңдамауға шақырды.
"Қала көшелерінде қар тәулік бойы тазартылып жатыр. Жүргізушілерге абай болып, жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз", - делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – мұз қатқан тайғанақ асфальт.
"Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар мұз қатқан. Бұл көліктің тежеу жолының ұзаруына ықпал етеді. Соған байланысты жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет.
Бұған дейін Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 желтоқсанында аяз болатынын ескертті.
Елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр, делінген Қазгидромет хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады 
Жаңалықтар
0