https://sputnik.kz/20211223/Elorda-politsiya-zhurgizushiler-18963360.html
Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті
Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті
Sputnik Қазақстан
Полицейлер жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырды 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T10:35+0500
2021-12-23T10:35+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
полиция
астана
https://sputnik.kz/img/1201/39/12013983_96:0:3737:2048_1920x0_80_0_0_3ac38b21df7af305c89c5563ffa68f92.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ауа райының бұзылуына байланысты бір күнде 93 жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Соған байланысты полиция көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болып, түрлі гаджет пен ұялы телефонға алаңдамауға шақырды."Қала көшелерінде қар тәулік бойы тазартылып жатыр. Жүргізушілерге абай болып, жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз", - делінген полиция хабарламасында.Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – мұз қатқан тайғанақ асфальт.Сондай-ақ жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет.Бұған дейін Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 желтоқсанында аяз болатынын ескертті.Елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр, делінген Қазгидромет хабарламасында.Оқи отырыңыз: 28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1201/39/12013983_551:0:3282:2048_1920x0_80_0_0_dd86bb9172ee823f561f2e3a667fb609.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, астана
Елорда полициясы жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертті
10:35 23.12.2021 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Полицейлер жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілерін жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтауға шақырды
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ауа райының бұзылуына байланысты бір күнде 93 жол апаты болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Соған байланысты полиция көлік жүргізушілерін жолда барынша сақ болып, түрлі гаджет пен ұялы телефонға алаңдамауға шақырды.
"Қала көшелерінде қар тәулік бойы тазартылып жатыр. Жүргізушілерге абай болып, жол бойында көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалысына және қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз", - делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – мұз қатқан тайғанақ асфальт.
"Жол төсемі тайғақ, сонымен қатар мұз қатқан. Бұл көліктің тежеу жолының ұзаруына ықпал етеді. Соған байланысты жолдарда қауіпсіздікті сақтау мақсатында автокөлік жүргізушілеріне жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ жолдан өтіп жатқан жаяу жүргіншілер де сақ болуы қажет.
Бұған дейін Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнде – 2021 жылдың 23-25 желтоқсанында аяз болатынын ескертті.
Елдің батысы мен солтүстігінде ауа температурасы төмендейді. Мұнда түнде 20-28 градус аяз болады деп болжанып отыр, делінген Қазгидромет хабарламасында.