Оқиға

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмды

© Photo : ДП Алматинской областиАвтобус и автомобиль столкнулись лоб в лоб
Автобус и автомобиль столкнулись лоб в лоб - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жеткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында Van Hool жолаушылар автобусы мен Mercedes-Benz автокөлігінің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 21.40 шамасында Жамбыл ауданында – Самсы мен Ақтерек ауылдарының арасында болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол ережесін бұзған жеңіл көлікте алты адам болғаны анықталып отыр. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, "Алматы-Бішкек" тасжолының 108-ші шақырымында Mercedes-Benz көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқан.
"Mercedes-те болған үш адам оқиға орнында көз жұмды. Шетел көлігінің қалған үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
Сондай-ақ ведомство жол апатынан рейстік автобустағы жолаушылар зардап шекпегенін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0