Оқиға

Ақтөбе облысында төрт жүк көлігі соқтығысты – видео

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Ірі жол апатына көктайғақ себепші болған. Оқиға салдарынан бір жүргізуші зардап шекті
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында көктайғақтан төрт жүк көлігі соқтығысып, бір адам зардап шекті.
Жол апаты "Самара – Шымкент" тас жолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктайғақтан төрт жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан алысқа қатынайтын бір жүргізуші зардап шекті.  
Ақтөбе облысы полиция департаменті жүргізушілерге қыс уақытында жолда мұқият әрі сақ болуды ескертті.
Сондай-ақ жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықтық пен маневр жасау ережелерін бұлжытпай сақтауға, жол белгілерінің ұйғарымдарын қатаң орындауға және қысқы доңғалаққа дер кезінде көшуге кеңес берді.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0