Оқиға

Алматыда бүлдіршіндерді ұрып-соққан тәрбиеші өзіне қол жұмсады

© REUTERS / BENOIT TESSIERДезинфекция в детском саду
Дезинфекция в детском саду - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.12.2021
Жазылу
Полиция Қылмыстық кодекстің "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық полиция департаменті растады.
"Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматшаның өзіне қол жұмсағанын растайды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді департаменттегілер.
Қазіргі күні Жетісу аудандық порлиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің (тәрбиеші болуы мүмкін) балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тарады.
"Ерін жарылған. Оқтаумен ұрғаннан денелері көгеріп кеткен, құлақтары мен шашынан жұлған. Бұл өзі балабақша ма? (...) Балаларды сеніп тапсырған тәрбиеші оларды азаптап жатыр. Осыдан кейін өзге тәрбиешілерге, жалпы балабақшаға деген сенім жоғалады", - деп жазылған видеоның астында. 
Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген. Балаларды аялы алақанымен емес, тоқпақпен тәрбиелегісі келген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0