Оқиға

Полиция Алматыда балабақшада түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

© Photo : СС0 / congerdesignДевочка завязывает шнурки на ботинках
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Алматы полициясы желіде жантүршігерлік видео пайда болғаннан кейін тергеуді бастап кетті
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде әйелдің (тәрбиеші болуы мүмкін) балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тарады. Бұған қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ильясимус из Казахстана (@ilyasimus.tv)

"Ерін жарылған. Оқтаумен ұрғаннан денелері көгеріп кеткен, құлақтары мен шашынан жұлған. Бұл өзі балабақша ма? (...) Балаларды сеніп тапсырған тәрбиеші оларды азаптап жатыр. Осыдан кейін өзге тәрбиешілерге, жалпы балабақшаға деген сенім жоғалады", - деп жазылған видеоның астында.
Видео жарияланған соң Алматы қаласы полиция департаментінде бұл факт Қылмыстық кодекстің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелгенін хабарлады.
Қылмыстық іс материалы Жетісу ауданының полиция басқармасында болады.
"Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы міндетті түрде зерттеліп, тәрбиешінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Ол соған сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті полиция.
Бұл бапқа сәйкес белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыру, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылған. Ірі мөлшердегі айыппұл салыну да мүмкін.
Жаңалықтар
0