https://sputnik.kz/20211228/Almaty-tarbieshi-derek-19005269.html
Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиешіге қатысты дерек пайда болды
Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиешіге қатысты дерек пайда болды
Sputnik Қазақстан
Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап, көз жұмды 28.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-28T18:51+0500
2021-12-28T18:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
алматы
тәрбиеші
https://sputnik.kz/img/389/46/3894600_0:311:3071:2048_1920x0_80_0_0_34b41e5ee698338d88fe1bf206406a08.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиеші көп балалы ана болып шықты.Ratel.kz мәліметі бойынша, 28 желтоқсанда ол асылып қалған. Оның мәйіті жуынатын бөлмеден табылды. Денесінде зорлық белгілері жоқ. Артынан хат жазып қалдырмаған. Құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап, көз жұмды.Қазіргі күні Жетісу аудандық порлиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің (тәрбиеші болуы мүмкін) балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тарады."Ерін жарылған. Оқтаумен ұрғаннан денелері көгеріп кеткен, құлақтары мен шашынан жұлған. Бұл өзі балабақша ма? (...) Балаларды сеніп тапсырған тәрбиеші оларды азаптап жатыр. Осыдан кейін өзге тәрбиешілерге, жалпы балабақшаға деген сенім жоғалады", - деп жазылған видеоның астында. Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген. Балаларды аялы алақанымен емес, тоқпақпен тәрбиелегісі келген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/389/46/3894600_0:117:3071:2048_1920x0_80_0_0_3fe6a656cc21c64c5dd2c89b4aa54acb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәрбиеші
Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиешіге қатысты дерек пайда болды
18:51 28.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап, көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматыда өзіне қол жұмсаған тәрбиеші көп балалы ана болып шықты.
Ratel.kz мәліметі бойынша, 28 желтоқсанда ол асылып қалған. Оның мәйіті жуынатын бөлмеден табылды. Денесінде зорлық белгілері жоқ. Артынан хат жазып қалдырмаған. Құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші өзіне қол жұмсап,
көз жұмды.
Қазіргі күні Жетісу аудандық порлиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің (тәрбиеші болуы мүмкін) балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тарады.
"Ерін жарылған. Оқтаумен ұрғаннан денелері көгеріп кеткен, құлақтары мен шашынан жұлған. Бұл өзі балабақша ма? (...) Балаларды сеніп тапсырған тәрбиеші оларды азаптап жатыр. Осыдан кейін өзге тәрбиешілерге, жалпы балабақшаға деген сенім жоғалады", - деп жазылған видеоның астында.
Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген. Балаларды аялы алақанымен емес, тоқпақпен тәрбиелегісі келген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.