Өңірлер

Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 млн теңге жымқырған

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге, ақша, банкнота
Теңге, ақша, банкнота - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Балабақшаның жауапты қызметкері қызметтік жағдайын пайдаланып, үш жыл бойы өз шотына заңсыз ақша аударып келген
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Qamqor" әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.
Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдаланып, 2018-2021 жылдар аралығында өз шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша ол үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0