17:27 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Пысықай келіншек балабақша қызметкерлеріне артық ақша аударып, артынан соның бәрін қалтасына басқан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Байқоңыр қаласында бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушісі ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғарыш кешенінің прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, балабақша жетекшісі бірнеше ай бойы қала бюджетінен ақшаны қылмыстық жолмен ұрлап келген. 

"Алдымен балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жұмыс уақытын тіркеу табелі мен бұйрыққа қосымша жұмыс туралы жалған мәлімет енгізіп отырған. Шын мәнінде, қызметкерлер ол жұмысты жасаған жоқ. Ал жалақы төленетін күні балабақша меңгерушісі бухгалтериядан қосымша жұмыстың көлемін анықтап, ақшаны жинап тұрған", - дейді прокурорлар.

Мекеме қызметкерлері одан қорқып, ақшаны беріп отырыпты. Құқық қорғау органдарына да хабар бермеген. Себебі балабақша басшысы қызметін пайдаланып, өш алады деп қауіптенген. Ал мектепке дейінгі мекеменің жетекшісі әрбір қызметкерден 10 мың рубльге (60 мың теңге) дейінгі "артық жұмыстың ақысын" жинаған.   

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғадан кейін Байқоңырдағы барлық балабақшада тексеріс өткізуге шешім қабылданды.

Тақырып бойынша

Жезқазғанда балабақша құрамында алкоголь бар 100 келі кәмпит сатып алмақ болған
Қарағандыда балабақша меңгерушісінің заңсыз әрекеті әшкереленді
Балабақша қызметкерлері жалған вакцинация құжатына тапсырыс бергені анықталды
Түркістан облысында балабақша қызметкерлері наразылық акциясына шықты
Кілт сөздер:
Байқоңыр, балабақша
Загрузка...

Басты тақырып