Әлем

Ресей президенті министрлік отырысында мәлімдеме жасады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМәскеу көрінісі
Мәскеу көрінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Батысқа қауіпсіздік кепілдіктері туралы тез арада келісу немесе Ресейді тежеу идеясын қолдайтындардың айтуынша, "ультиматум қою" кезінде РФ президенті Владимир Путин қазіргі ахуалды басшылыққа алды
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Ресей екіұдайлық, келіспеушілік, жете түсінбеушілікке тап болып жатыр. Жаңа қауіп ескі қатердің жалғасы болса да, қатаң реакцияны талап етіп отыр, деп жазады РИА Новости.
Ресей қорғаныс министрлігінің жақында өткен алқа отырысында Путин мынадай мәлімдеме жасады: "Біз ол қауіпті көрмей отыр деп ойлай ма? Әлде біз Ресейге төнген қауіпке жай ғана қарап отырады деп үміттене ме? Біздің одан әрі жылжитын мүмкіндігіміз жоқ, мәселе осында".
Мәселе Ресейдің үнсіз кері шегінгенінде емес, бір дегенде мәселені ашық талап етпеуінде болып отыр. "Путин ультиматумы" КСРО тарағанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келуі кездейсоқ сәйкестік болғанымен, қызықты жағдай. 1991 жылдың 24 желтоқсанында Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде КСРО орнын алмастырды. Келесі күні Кремль төбесіндегі қызыл ту төмен түсірілді. Ал 26-шы одақтас парламент КСРО-ның ыдырағаны туралы резолюция қабылдады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Саясат
Назарбаев КСРО не себепті ыдырағанын айтты
Отыз жыл бұрын ХХ ғасырдағы ірі геосаяси апат болды және осы жылдар ішінде Ресей соның салдарымен күресіп келеді. Бұл процесс жақын уақытта аяқталмайтыны анық. Ол құлдыраудың түрлі салдары аракідік бас көтеріп отырады. Бірақ КСРО тарауының дәл осы 30 жылдығында Владимир Путин Ресей мен Кеңестік мемлекеттік құқықтық мирасқорлығы мәселесінде нүкте қойды.
Сондықтан Ресей Батыс алдында нақты қызыл сызықты айқын көрсетті. Ресей енді өзінің кері шегінбейтінін аңғартты.
Келісімшарттар жобасы жарияланғаннан кейін КСРО-ны қайта құрғысы келетін Путин жоспары туралы шу тағы көтерілді. Бірақ Ресей ескіні тірілтуді көздеп отырған жоқ.
Путин Одақ ыдырауының 30 жылдығын КСРО-ны қайта құру ниеті туралы декларациямен емес, посткеңестік кеңістік, құлдырау мен белгісіздік кезеңінің ақырғы шегін белгіледі. Ресей 2000-жылдардың басында шегінуді доғарып, 2007 жылы қарсы шабуылға дайын екенін жариялады.
Бірақ Батыс Ресейдің посткеңестік кеңістікті қайта біріктіру туралы жоспарымен есептескісі келмейді. Себебі олар Ресей өмір бойына Ресей Федерациясының шекарасымен шектеліп қалады деп үміттеніп отыр. Бірақ олар екі маңызды геосаяси үрдісті елемей отыр.
Батыстың әлсіреуі мен дағдарысы, оның жаһандық жобадағы құлдырауы атлантистердің басқа территорияны өз қыпалындда ұзақ уақыт ұстау, Батыс пен Ресей шекарасын тұрақтандыру мүмкіндігінен айырып отыр. Батыс ыдыраған аумақ қайта құрылуға ұмтылатынын да ескермеді.
Знамя СССР - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Әлем
Батыс Путин КСРО-ны қайта құрады деп үрейленіп отыр
Ал қазір Путин Батысқа Ресейдің қауіпсіздігі мен тіршілік етуге құқығын мойындау туралы шарт қойды. Ал тарихи Ресей кеңістігінің бірлігіне кедергі келтіруді елдің тіршілігіне төнген қауіп деп бағаламасқа болмайды.
Сондықтан ол қазіргі уақытта Ресейдің ішкі мәселесі болып отыр. Иә, олар жаһандық проблемалармен тікелей байланысты. Бірақ бәрібір оған сырттан араласуға жол бермеу керек.
Ресей ешбір мемлекетпен қақтығыс немесе соғысуды қаламайды. Алайда ол біртұтас мемлекет ретінде өз тарихынан және даму заңдарынан бас тартпайды. Әйтпесе ол өз-өзіне, халықтың арғы тегі мен болашақ ұрпаққа жасалған сатқындық болып есептелер еді.
Бұл шынайы жағдайды еш бүкпесіз баяндап, қазіргі ахуалға қарай өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туындаған әрекет.
Жаңалықтар
0