Саясат

Назарбаев КСРО не себепті ыдырағанын айтты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Кеңес одағының қалай құлағанын еске алды.
Елбасының айтуынша, КСРО қуатты одақ болғанына қарамастан, оның ыдырайтыны әу баста-ақ белгілі еді.
"Меніңше, мұның себебі көп – социалистік экономика, әкімшілік, тоталитарлық жүйе өз ресурсын құртты. Экономикалық блок басшылығы проблеманы дер кезінде аңғарып, экономиканы басқаруға өзгеріс енгізуі керек еді. Бірақ бұл жасалған жоқ. Барлық жиналған ресурс біртіндеп сарқылды, біз, ең алдымен, экономиканың күйреуіне жақындадық", - деді Назарбаев.
Оның пікірінше, басты себептердің бірі – сол кездегі басшылықтың ерік-жігерінің әлсіздігі.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Горбачевтің кабинетінде қандай келеңсіз жайтқа куә болғанын еске алды
"Билікке келіп, қайта құру мен демократияландыру жариялаған жаңа басшылықтың ерік-жігері әлсіз болды. Маған өзім бірге істеген адамдарды сынау қиын. Мен тіпті олардың серіктесі болдым. Бірақ мықты ерік-жігерсіз елді басқару қиын екені анық. Кеңес одағында мұндай өзгерістерді дисциплина, тәртіп, табанды басшылықпен өткізу қажет еді. Міне, осындай бірнеше себепті атар едім",- деп мәлімдеді Елбасы.
Назарбаев 1990 жылы РКФСР егемендік жариялағанын, басқа елдер мұны өз тәуелсіздігін жариялауға болады деген "сигнал" ретінде қабылдағанын еске алды.
Жаңалықтар
0