Әлем

Батыс Путин КСРО-ны қайта құрады деп үрейленіп отыр

© Sputnik / М.Халанский / Фотобанкке өтуЗнамя СССР
Знамя СССР - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Осы күндері КСРО-ның ыдырауына не және кім себеп болғаны туралы пікірталас қайта қыза түсті
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Күні кеше сенатта өткен тыңдау кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд Владимир Путин КСРО-ны айта құруды көздеуі мүмкін деген болжамымен бөлісті. Бірақ батыс елдеріндегі жоғары шенді адамдардың мұндай мәлімдеме жасауыне не себеп болғаны түсініксіз, деп жазды РИА Новости.
РФ президенті Владимир Путин КСРО-ның ыдырауын өткен ғасырдағы ең үлкен геосаяси апат деп санайтыны белгілі және ол бұл ойын ешқашан жасырған емес. Алайда Нуландтың пікірінше, орыс көшбасшысының одақты қайта құруға ниеті бар екенін анықтау үшін осы ойдың өзі жеткілікті. Ең қызығы – ол РФ президентінің кеңестік жүйені бірнеше рет сынға алып, оның жүйелік ақаулары мен КСРО басшылығы жіберген қателіктерді ашып айтқанын еш елемеген болып отыр.
Бірақ жай азамат емес, Ресей тағдыры үшін үшінші онжылдықтан бері үлкен жауапкершілікті мойнына алған мемлекеттік қызметкер ретінде Владимир Путиннің кеңестік кезеңге қатысты көзқарасы дәл осы тұста айшықталып отыр емес пе? Осы күндері КСРО-ның ыдырауына не және кім себеп болғаны туралы пікірталас қайта қыза түсті. Оларды жалпы жинақтап, негізгілеріне тоқталуға болады.
тиындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Әлем
Қымбатшылық қысып тұр: Еуропа елдерінің жағдайы не болып жатыр
Біріншісі: Кеңес Одағының таратылуына ішкі себептер әсер етті. Сыртқы факторлар, атап айтқанда, батыстық үгіт-насихаттың деструктивті рөлі өте аз болды.
Екіншісі: осы аталған ішкі себептер жүйелі сипатта болды. Яғни, қатерлі нәтижеге алып келген нақты адамдардың нақты шешімдері болғаны сөзсіз. Бұл 30 жыл бұрын қол қойылған Беловеж келісіміне де қатысты. Бірақ 1980-жылдарға қарай кеңес элитасында мемлекеттің түбіне жеткен адамдар тобы басым болғаны кеңестік кадр саясатындағы үлкен ақауды білдіріп тұр. Сонымен қатар КСРО мемлекеттік құрылымының негізіне жататын және оның тағдырында шешуші рөл ойнаған ұлттық ұстанымды да еске алуға болады. Бұл туралы Путин де бірнеше рет айтқан. Бұдан басқа тағы өте көп мәселе бар.
Үшіншісі бастапқы екі тармаққа тікелей қатысты: КСРО ыдырауы мен құлдырауы ерте ме, кеш пе болатын өзгеріс еді. Себебі оның негізіндегі ерекшеліктер бәрібір осыған алып келер еді. Кеңес Оағы ұзақ мерзімді болашақта тіршілік етуге қауқарсыз болды.
Президент РФ Владимир Путин во время переговоров с президентом США Джозефом Байденом - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Әлем
"Қызыл сызық" және Украина – Путин мен Байден талқылаған мәселелер
Осылайша мемлекет жетпіс жылға созылған ұлы экспериментті құрдымға кетірді. Ресей бұл экспериментте РКФСР ретінде басты донор және ресурс (адами және қаржылай) көзі болды. Бұл сол кезеңде оның дамуына кері ықпал еткені де жасырын емес. Ол әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көптеген одақтық республикалардан кейін қалып қойды.
Сонымен қатар мемлекеттік-саяси құрылым ретінде Кеңес Одағының құлдырауы республика үшін ауыр салдар алып келді. 1990-жылдардағы демографияның төмендеуі секілді кейбір негативті әсерлерді Ресей әлі ондаған жылдар бойы реттеуіне тура келеді.
Жалпы мемлекет басшысы ретінде Путиннің барлық саясаты кеңестік жобаның қарама-қайшы нұсқасы болып саналады: идеологиялық радикализмге қарсы консерватизм; революцияға қарсы біртіндеп қайта құру; мобилизация мен шамадан тыс жүктемеге қарсы халық жинағы; утопиялық үлгіні ұстанатын қарқынды реформаға қарсы түпкілікті өсім.
Әлі күнге дейін көп адамның әдемі әр сағынышқа толы естеліктерінің нысаны ретінде сақталып отырған Кеңес Одағы Путин мен Ресей мемлекеттік билігінің басындағылар үшін мемлекеттік-саяси сипатта ең үрейлі нұсқа болып отыр. Бұл "қалай жасамаудың, қандай шешім қабылдамаудың" үлгісіне айналды. Себебі бұл жол жақын болашақтағы кезекті ұлттық апатқа алып барады.
Президент РФ Владимир Путин принял участие в заседании клуба Валдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
Әлем
Путин: Адамзат жаһандық өркениет дағдарысына тап болды
Жоғарыда айтылғанның барлығы ешқандай құпия емес. Керісінше, көп адам үшін бұл жауыр болған әңгіме. Бірақ олардың қатарында батыстағы әріптестер, сарапшылар жоқ секілді.
Сондықтан болар, тараптар арасындағы диалог түсіністіктен біржола арылып жатыр. Кеше ғана өткен ресейлік және америкалық президенттердің онлайн-келіссөзі бұл қарқынды тереңдете түсті. Бастапқыда Батыс бүкіл әлемді өзі ойлап тапқан "Ресей Украинаға басып кіруге дайындалып жатыр" деген ақпаратқа сендірді және өзі сенді. Алайда еш себепсіз көрші елге шабуыл жасау туралы ұстаным Владимир Путин саясатына сай келмейді.
Жаңалықтар
0